- Басты
- Жаңалықтар
- ЕО пен Орта Азияның құқықтың үстемдік құруы туралы министрлік кездесуді Астанада өткізуді ұсынды
ЕО пен Орта Азияның құқықтың үстемдік құруы туралы министрлік кездесуді Астанада өткізуді ұсынды
«Кездесу барысында Сыртқы істер министрлері Еуроодақтың Орта Азиядағы Стратегиясы аясындағы өңіраралық әріптестік мәселелерін талқылап, бұдан арғы қарым-қатынас бағытының болашағы нақтыланды», - делінген хабарламада.
Тараптар Еуроодақтың Орта Азия өңіріндегі құқықтық-сот жүйесінің реформасы, білім беру сапасы мен талаптарын көтеру, қоршаған ортаны қорғауды жаңсарту, инвестиция ағымы мен өзара сауда айналымы көлемін арттыруға негізделген маңызды бастамаларын қарады.
Шарада Қазақстан Еуроодақтың өңірлік Стратегиясы аясында іске асып жатқан шараларға белсенді қатысып жатқаны айтылды. Атап айтар болсақ, шараға қатысушылардың барлығы 2014 жылы Астанада Еуроодақтың Орта Азияда құқықтық үстемдік құруы туралы бастамасы бойынша кезекті кездесуді өткізу ұсынысын бір ауыздан мақұлдады.
Заңның үстемдік құруы туралы пікірталаста терроризм, жемқорлық және ұйымдасқан қылмыспен күрес саласындағы құқықтық әріптестік мәселелері айтылды. Осыған орай Ерлан Ыдырысов Қазақстанның қылмыстық өндіріс пен жемқорлықпен күрес саласындағы 6 еуропалық конвенцияға енуі және Қазақстанның осы бір бастамасын Еуропа бірлігі құрылымын қолдауға шақыруын атап өтті.
Сонымен қатар, Орта Азияны қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселесі, соның ішінде Ауғанстаннан әскер шығару қарсаңындағы шаралар мен жаһандық қауіп-қатер мен кедейшілікпен күрес, Орта Азия елдерінің өзара әріптестігі мәселелері талқыланды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі