- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдарды жөндеу және салу үшін 2016 жылы Қазақстанға 330 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінді – ҚР ИДМ
Жолдарды жөндеу және салу үшін 2016 жылы Қазақстанға 330 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінді – ҚР ИДМ
«Бүгінгі күні республика бойынша жалпы қолданыстағы автожолдардың ұзындығы 96,5 мың шақырымды қамтиды, оның ішінде республикалық жол желісінің ұзындығы 23,7 мың шақырым және жергілікті желі – 72,8 мың шақырым. 2015 жыл соңының жағдайы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 84% және 65% облыстық және аудандық маңызды автожолдары жақсы күйде сақталған»,-деді ол.
Вице-министрдің айтуы бойынша, бүгінгі күні жол-құрылыс жұмысы республикалық маңызды 2 мың шақырымдық көлік жолдарын қамтыған және бұл жұмысқа 72 мың адам жұмылдырылды.
«2016 жылдың қаржыландыру көлемі 329,8 млрд теңгеге жоспарланған. Оның ішінде Ұлттық қордан – 151,3 млрд теңге, республикалық бюджеттен – 8,2 млрд теңге, сонымен қатар жалпы сомаға халықаралық қаржы институтының қарыздары кірді: Дүниежүзілік банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия және Ислам даму банкі 170,3 млрд теңге көлемінде. Жыл қорытындысы бойынша аталмыш жобада 900 шақырым қайта құру жұмыстары жоспарланған, ағымдағы жылы жұмысқа 100 мың адам жұмылдырылады»,-деді Ж.Қасымбек.
Айта кетейік, негізгі жұмыс сегіз жобада жасалуда – бұл «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасының аяқталуы. Ол Қазақстанның бес облысынан өтеді және Қазақстан арқылы Қытай мен Ресейдің аумағын біріктіреді. «Орталық-Оңтүстік» жобасы және ол Астанадан Қарағанды арқылы Алматыға және Жамбыл облысына бағыт алады. «Орталық-Шығыс», Астана-Павлодар-Семей-Өскемен, Бейнеу-Ақтау, Алматы-Өскемен, Астана-петропавловск, Ақтау-Атырау және Орал-Каменка жолдары арқылы.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді