- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық бітімгерші әскери қызметшілер Кот-д'Ивуардағы Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясынан оралды (ФОТО)
Қазақстандық бітімгерші әскери қызметшілер Кот-д'Ивуардағы Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясынан оралды (ФОТО)
2010-2011 жылдары Кот-д'Ивуарда шиеленіскен саяси дағдарыс орын алған болатын. Президенттік сайлаудан кейін БҰҰ және әлемдік қоғамдастық қана жаңа мемлекет басшысын мойындады. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесімен аталған мәселені шешу үшін БҰҰ-ның бөлімшелерін енгізу жөнінде шешім қабылданды.
«БҰҰ миссиясында әскери қадағалаушының негізгі міндеті – ол үкімет пен БҰҰ арасында жасалған мандат пен БҰҰ талаптарының, келісімнің орындалуы мониторингісін жасау. Сондай-ақ әскери бөлімдерді тексердік, бақылау, патрульдеу, миссияны өткізу кезінде әуеден патрульдеуді жүргіздік, БҰҰ миссиясын орындап жүрген офицерлердің арасынла қазақстандық сардарлар мен офицерлеріміздің дайындығы жақсы деңгейде бағалануда», - деді майор Ақылбай Құсайынов.
Қазіргі уақытта БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларында әскери бақылаушылар ретінде алты қазақстандық офицер қызмет өткеріп жатқанын айта кеткен жөн. Бесеуі – Батыс Сахарада (MINURSO) және бір офицер - Кот-д Ивуарда (UNOCI).
«Ең бастысы – бұл алаламаушылық. Әскери бақылаушы әскери киім нысанында азаматтық болып саналады. Біз азаматтық адамдарға жұмыс жасаймыз. Осыған байланысты, қолымызға қару ала алмаймыз. Қажеттілік болған жағдайда әскери бақылаушы өзі шешім қабылдауы тиіс. Яғни, өзімен бірге күзет алып жүру немесе алмай, жағдайды бағалау», - деп майор Ақылбай Құсайынов атап өтті.
Бітімгершілік операцияларда әскери бақылаушылар БҰҰ-ның персоналы болып табылады және жанжалдасушы тараптардың бірде-бірін қолдамай бейтараптылық қағидатын ұстанады. Олар қол жеткізілген бейбіт уағдаластықтың сақталуын қадағалайды. Бұл саны бойынша әскери қызметшілердің шағын контингенті. Бұл ретте олар бүкіл әлемде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сүбелі үлес қосып жүр.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды