- Басты
- Жаңалықтар
- «KADEX-2016» көрмесінде қазақстандық өндірістің броньды кеудешелері мен шлемофондары ұсынылады (ФОТО)
«KADEX-2016» көрмесінде қазақстандық өндірістің броньды кеудешелері мен шлемофондары ұсынылады (ФОТО)
Кәсіпорында барлық үлгідегі қорғаныс броньды кеудешелерін шығару Қазақстанның Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ әлеуетті құрылымдардың мұқтаждығы үшін 2012 жылдан бастап ұйымдастырылған.
Бүгінгі таңда зауыт еліміздегі осы жеке қорғаныс құралдарын шығарумен айналысатын бірден-бір өндіруші болып табылады.
Танк шлемофондарын дайындау «Тыныс» акционерлік қоғамында ағымдағы жылдан бастап ретке келтірілген. Осы қорғаныс керек-жарақтарының жазғы және қысқы нұсқалары броньды машиналардың экипаж мүшелері арасында ішкі байланысты қамтамасыз ету және сыртқы байланыс бойынша шығу үшін арналған.
Сонымен қатар зауыт көрмеде авиациялық техниканың өндірушілеріне арналған толымдаушы бұйымдардың әр түрінің тұсаукесерін өткізеді.
«Тыныс» АҚ Ақмола облысының ірі машина құрастыру кәсіпорны болып табылатынын және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретінін айта кетейік. Зауыт қызметінің негізгі бағыты авиациялық техниканың тораптары мен агрегаттарын шығару болып табылады.
Алдағы «KADEX-2016» көрмесі Астанада маусымның 2-і мен 5-і аралығында өтетінін естеріңізге сала кетейік. Аталмыш көрменің басты мақсаттарының бірі Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін жандандыру болып табылады. Әскери мақсаттағы тауар өндіретін қазақстандық және шетелдік өндірушілердің бірлесіп жұмыс істеуіне арналған алаң ретінде көрме отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындарын дамыту үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады