• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Бәйтерек» холдингі 2013 жылдың аяғына дейін Алматы қаласының жобаларын жүзеге асыру үшін 45 млрд. теңге бөледі

«Бәйтерек» холдингі 2013 жылдың аяғына дейін Алматы қаласының жобаларын жүзеге асыру үшін 45 млрд. теңге бөледі

21 Қараша, 2013 11:39
Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің басқарушы төрағасы Қуандық Бішімбаев бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі Меморандумға қол қойды, деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Құжаттың үш бағыты оның басты векторы болып табылады. Олар - индустриалды–инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту, кіші және орта бизнесті қолдау, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысын салу. Осынау үш бағытқа бөлінген инвестицияның жалпы көлемі - 25,4 млрд. теңге», - делінген хабарламада.

Алматы әкімі қаржы институттары қолдау көрсетулері тиіс бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалардың қолға алынғандығын айтты.

«Ұлттық холдингтің қаржы мүмкіндіктері мол, біз оны барынша тиімді пайдалануға тиіспіз.Қалада маңызды жобалар жүзеге асуда. Олар Индустриалды аймақ, тау шаңғысы туризмі, экология. «Бәйтерек» холдингі бұл жобаларды жүзеге асыруға қатыса алады», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде «Бәйтерек» холдингінің басшысы Алматының өздері үшін басты өңір екендігін, 2013 жылдың аяғына дейін мегаполиске 45 млрд теңге бөлінетіндігін айтты.

«Келер жылы бұл сома 500 млн. АҚШ долларына артатын болады. Кәсіпкерлер, әсіреесе кіші және орта бизнеспен айналысатындар аталған қаржыны жүзеге асыруға қатысады деген сенімдемін», - деді Қуандық Бішімбаев.

Шара соңында тараптар болашағы зор жобаларға бөлінетін қаржыны нақтылауға келісті.

Барлық жаңалықтар