- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының төрағалығына сайланды (ФОТО)
Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының төрағалығына сайланды (ФОТО)
Айта кетейік, АҚИҰ туралы бастаманы 2011 жылы ИЕҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген. Арада екі жыл салып Астанада өткен үкіметаралық сарапшылық кеңесінде ИЕҰ-ға мүше 30 мемлекеттің сарапшылары жарғылық құжаттың жобасын мақұлдаған болатын
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстанның әлеуеті зор. Соңғы бес жыл көлемінде еліміз ұн және астық экспорты бойынша алғашқы орындарды иеленіп келеді. Еңбек өнімділігін және ауыл шаруашылығы өндіру көлемін арттыру қоры жеткілікті. Елімізде шамамен 24 млн га егістік және 180 млн га жайылымдық жер бар.
АҚИҰ штаб-пәтері Астанада қаласында орналасқан. Халықаралық ұйымның кеңсесі мүше мемлекеттерге ауыл шаруашылығын, ауылдық жерлерді, азық-түлік қауіпсіздігін тиімді дамытудың және биотехнологяларды дамытудың түрлі аспектілері бойынша тәжірибе мен техникалық жаңашылдықтарды ұсынумен айналысатын болады.
Жаңа ұйым ислам елдері халқын табиғи-климаттық жағдайлар мен географиялық орналасуын ескеріп, ИЕҰ мүше елдердің азық-түлікті жеткізу шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін тиімді көлік-логистикалық бағдарларын құру, бірлескен азық-түлік қорларын құру және оны басқару арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандырып, экономикалық қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету міндеттерін шешетін болады.
«Ең алдымен, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Бас Ассамблеясының төрағасы лауазымына Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдағандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы төрағасының орынбасарларын да осы лазауымға тағайындалуларымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Біз Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы мүшелерінің құрамына жаңа мемлекеттердің қосылуына куә болып отырмыз және қатысушы мемлекеттердің саны 29 елге жетті», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.
Айта кетерлігі, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы төрағасының орынбасарлары болып. Кот-д Ивуар мен Палестина өкілдері сайланды.
Айта кетейік, Астана қаласында Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы министрлерінің конференциясының жетінші сессиясы өтеді. Конференция шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) Бас ассамблеясының құрылтайшы сессиясы өтуде.
АҚИҰ тәртібіне сәйкес, атқарушы кеңес 8 мүшеден тұрады, Қазақстан ӨҚИҰ тұрақты өкіліне айналады.Бас Ассамблея ӨҚИҰ Бас Ассамблеяының төрағасы лауазымына үміткер ретінде қолданды.
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру бастамасын 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясында мемлекет басшысы көтерген болатын. Екі жылдан кейін ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 30 сарапшысы Астана қаласында өткен үкіметаралық эксперттік отырыста жарғылық құжаттың жобасын келісті. Бүгінде құрылғалы отырған ұйымның жарғысын ұйымға мүше 24 мемлекетті бекітіп, қол қойды.
Аталған ұйым мүше мемлекеттерге ауыл шаруашылығын, ауылдық жерлерді, азық-түлік қауіпсіздігін және биотеxнологияны тиімді дамытуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, әр түрлі аспектіде теxникалық ноу-xоу және тәжірибе беріп, тұрақты әлеуметтік байланысты қамтамасыз етуді көздейді.
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады