- Басты
- Жаңалықтар
- Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына 300 млн доллардан астам қаржы жолдады
Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына 300 млн доллардан астам қаржы жолдады
Бүгін елордада өтіп жатқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясы барысында су шаруашылығы саласындағы екі жобаны іске асыру үшін мемлекеттің кепілдігімен Ислам даму банкінен қаржы тарту туралы келісімге қол қойылды.
Құжатты ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен Ислам даму банкі президенті Ахмад Мохамед Әли Әл-Мадани рәсімдеді.
Бұл жобалар ауылдық елді екендерді ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартуға және жерлерді ылғалдандыру жүйесін қалпына келтіруге бағытталады.
Жобаны іске асыру аясында Алматы облысының Еңбекші және Қарасай аудандарын сумен жабдықтауды жақсарту жобасын жүзеге асыру аясында 15 ауылдық елді мекендерде жалпы ұзындығы 680 шақырым, оның ішінде 234 шақырымы тартылған құбырлар және 446 шақырым су жабдықтау жүйесі, сонымен қатар қуаттылығы күніне 18,3 текше метр су тазалау стансасын салу және қолданыстағы 6 құрғату кәрізін қалпына келтіру жоспарланған. Бөлінетін қаржы сомасы - 75,3 млн. доллар.
«ҚР иррегиациялық және сусіңгіш сүйесін қайта құру» Жобасы Алматы облысындағы 58 мың га жердің суару жүйелерін қалпына келтіру үшін қамтамасыз етеді және ОҚО-ның Мақтаарал мен Шардары аудандарындағы 92,5 мың га гидромелиорациялық жер қыртысының жағдайын жақсартуды қарастырады.
Сонымен қатар, 512 тік дренажды ұңғымалар қалпына келтірілді және оларға бейне бақылау орнатылды, қолданысқа 270 су арналары енгізілді және 50 қайта қалпына келтірілген көпірлер. Жобаның құны 235,5 млн долларды құрайды.
Аталмыш жобалар су саласының бюджеттік тәуекелдігнінен көшудегі және оның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін реформалардың бөлігі болып табылады.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда