- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Қазақстанның жұмыс күші мол аймақтарынан 1259 оралманды көшіру жоспарланып отыр
Биыл Қазақстанның жұмыс күші мол аймақтарынан 1259 оралманды көшіру жоспарланып отыр
Тарихи отанына оралған этникалық қазақтарды орналастыру аймақтық квоталары келесі кезекте бөлінген: Павлодар облысында – 690 отбасы, Шығыс Қазақстан облысында – 260 отбасы, Ақмола облысында – 123 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысында – 108 отбасы, Батыс Қазақстан облысында – 29 отбасы, Атырау облысында – 28, Қостанай облысында – 21 отбасы.
Жоғарыда аталған Қаулыда жұмыс күшіне сұраныс мол аймақтарға қоныс аударғысы келетін ҚР азаматтарын көшіру де қарастырылған. Бұл бағытқа 463 қоныс аударушы отбасын қабылдау квоталары бөлінген: Павлодар облысында – 300 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысында – 101 отбасы, Шығыс Қазақстан облысында – 40 отбасы, Қостанай облысында – 22 отбасы.
Аймақтық квоталар тізіміне кіретін оралмандар мен қоныс аударушыларға, сондай-ақ олардың отбасыларына көшу кезінде көмек көрсетіліп, жұмысқа орналасу, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
Аймақтық квотаға өтінім беру кезінде оралман куәлігі бар тарихи отанына келген этникалық қазақтар қатыса алады. Оралман мәртебесін алу және квота тізіміне енгізу мәселелері бойынша тұрғылықты мекен-жайына қарай облыстық, Астана, Алматы қалалары жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтінім білдіруге болады.
Ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап ҚР ДСӘДМ қолдауымен оралмандар мен қоныс аударушыларға қажетті толық ақпаратты қамтитын «Ұлы көш» ақпараттық порталы өз жұмысын бастайды.
Естеріңізге сала кетейік, 1991-2015 жылдар аралығында 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақтар тарихи отанына оралып, оралман мәртебесіне ие болды. Бұл жалпы халық санының 5,5%-ын құрайды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы