- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Ж.Асановты Бас прокурор қызметіне тағайындауды мақұлдады
Сенат Ж.Асановты Бас прокурор қызметіне тағайындауды мақұлдады
«Дүйсенді Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Даулбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Бас прокурор қызметінен босатылды. Конституцияның талаптарына сәйкес Президент Сенатқа ҚР Бас прокурор қызметін тағайындау туралы баяндама жасады»,-деп Қр Президент Әкімшілігінң басшысы Нұрлан Ниғматулин Мемлекет басшысының үндеуін жеткізді.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 4-тармағына сәйкес Мемлекет басшысы Сенаттың қарауына Жақып Қажыманұлы Асановты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындауға келісім беру туралы ұсыныс енгізген болатын»,-деді ол.
Естерінізге сала кетейік, Жақып Қажыманұлы 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы Қызылорда қаласының прокуратурасында жұмыс істеген. ҚР Президенті Әкімшілігі заңнама, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 1997-2005 жылдары - ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар іс-әрекетіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Павлодар облысының прокуроры, ҚР Әділет вице-министрі лауазымдарында болды. 2007 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымына депутат болып сайланған. 2012 жылы «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Анар Тәңірқұлова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда