• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада халықаралық сарапшылар Қазақстанның өнеркәсіптік саясатын талқылауда

Астанада халықаралық сарапшылар Қазақстанның өнеркәсіптік саясатын талқылауда

21 Қараша, 2013 11:21
Астанада қазақстандық және шет елдік өндірістік компаниялардың, сараптама қауымдастығы және шет елдік әріптестердің қатысуымен «Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

«Қазіргі таңда Қазақстан өзінің экономикалық өрлеуінің белсенді кезеңіне аяқ басты. ДСҰ-ға ену қарсаңында Қазақстан отандық өнеркәсіптік кешен индустрияландыруының екінші кезеңіне өтіп, Кедендік Одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі интеграция мәселелерін шешіп жатыр. Мемлекеттің тепе-теңдікті және жан-жақты есептелген саясатының арқасында бұдан ары динамикалық экономикалық өрлеудің барлық жағдайы жасалған», - деді Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Сауранбаев.

Оның айтуынша, Қазақстан экономикасы алға қарай нық қадам басу үстінде. 2008 жылмен салыстырғанда 2012 жылы елдің жалпы ішкі өнімі 22,5%-ға, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 20,5%-ға, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1,7 есеге, шикізаттық емес сектор көлемі 27,1%-ға, инновациялық өнім көлемі 3,4 есеге өскен.

Дөңгелек үстелде «Өнімділік-2020» бағдарламасын іске асырудың көкейтесті мәселелері, бағдарламаның құралдарын (лизингтік қаржыландыру және инновациялық гранттар) қолданудың ерекшеліктері, Бағдарламаға қатысушыларға консалтинг беру тәжірибесі, сондай-ақ өндіріс пен жаңғырту және еңбек өнімділігін арттыру бойынша компаниялардың тәжірибесі талқыланды.

Оның шеңберінде индустрияландырудың екінші бес жылдығын әзірлеу мәселелері және Қазақстандағы өнеркәсіптік саясатты жетілдіру бойынша шаралар қарастырылды. ҮИИДМБ-2 әзірлеудің принциптері мен тәсілдері, өнеркәсіпті қолдау құралдары, шетелдік тәжірибе, индустрияландыру бағдарламаларын қаржыландыру үлгісі, ұлттық сараптау саясаты, Қазақстанның өнеркәсіптік саясатын іске асырудың кластерлік тәсілі және басқа да мәселелер ұсынылды.

Екінші секцияда «БЭК шеңберіндегі өнеркәсіптік саясат». Бұл секцияның шеңберінде БЭК шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың мәселелері мен келешегі, Қазақстан мен Кедендік Одақтың арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту қарастырылды, Еуропалық экономикалық бірігу және оның Қазақстан экономикасына әсері талқыланды.

Дөңгелек үстелде «ҚИДИ» АҚ, «БРК-Лизинг» АҚ, «ТДҰА» АҚ басшылары, бағдарлама қатысушылары бизнес пен консалтингтік компаниялардың өкілдері сөз сөйлейді.

 

Барлық жаңалықтар