- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 123 гектар алқапта үдемелі бақтарды өсіру жоспарланған
Жамбыл облысында 123 гектар алқапта үдемелі бақтарды өсіру жоспарланған
“Жамбыл облысы географиялық орналасу жағдайы бойынша жеміс-жидек дақылдарын өсіруге қолайлы аймаққа жатады. Облыс бойынша жеміс бақтарының көлемі 1811 га, жүзімдік алқаптары 114 гетарды құрайды. 2015 жылы осы алқаптардан 10 100 тонна алма, 1 437 тонна жүзім жиналған”, - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, 2015 жылы облысымызда 123 гектар алқапта алғаш рет үдемелі алма бақтары отырғызылды. Олар Жамбыл ауданында «Сады востока» ЖШС-24 га, «Әулие ата Алма» ШҚ 19 га, «Агро KZ» ШҚ-5 га, «Altyn alma» АТК-50 га , Меркі ауданында «Совет» ШҚ-20 га, Байзақ ауданында «Ниет» ШҚ -5 га.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жаңадан 172 гектарда үдемелі алма бақтарын орнату жоспарда бар. Атап айтсақ, Қордай ауданында 5 гектар, Меркі ауданы 50 гектар, Т. Рысқұлов - және Жамбыл ауданы 112 гектар алма, 5 га таңқурай.
Соның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы әрқайсысы 50 гектарды құрайтын 3 ірі жоба Жамбыл ауданында іске асырылуда.
Жалпы үдемелі бақ деген ұғым – бір гектарда 2000 түп көшеттен жоғары аласа бойлы телітушілерде өсірілетін бақтар. Бұл бақтарда негізінен тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Шаруалар бақ өсіруде алдыңғы қатарлы елдердің, соның ішінде Түркия, Польша және Қытай тәжірибелерін пайдаланады.
Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктердің көмегі де аз емес. Инвестициялық жобаларды субсидиялау бағдарламасы бойынша, алғашқы жылы әрбір гектарына кеткен шығынның 40 пайызына дейін қайтарып берсе, 12 пайыздық үстеме ақымен алынған қарыздың 7 пайызын «ҚазагроҚаржы» АҚ төлеп береді.
Үдемелі алма бақтарының басты артықшылықтары ретінде алғашқы өнім алу мерзімінің қысқа болуы – 3 жылдан соң жоғары өнім алуға болады. Алынған өнім бәсекеге қабілетті болғандықтан, еліміздің басқа өңірлерінде де сұранысқа ие болады деп күтілуде.
Орта есеппен, әрбір гектардан 40 тонна өнім алынады деп есептесек, жылдық жалпы түсім барлық 315 гектардан 12,6 мың тонна өнім алынады. Ал облыс тұрғындарының жылдық тұтыну нормасы 14,7 мың тонна. Демек, жақын арада тек үдемелі алма бақтардан алынатын өнімнің өзі алманың жалпы тұтыну нормасының 85,7 пайызын қамтамасыз ету мүмкіндігі бар.
Аймақтарды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, 2020 жылы үдемелі алма бақтарының көлемін 1600 гектарға жеткізу жоспарға қойылған.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет