Талдықорған гарнизонында әскери аэродромдарды жаңғыртуда

21 Қараша, 2013 11:10
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев Талдықорған гарнизонындағы әскери аэродромның ұшу-қону жолағын қайта құрылымдау жұмыстарын тамашалады, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жаңа ұшу-қону жолағына арнайы темірбетонды тақталар төселетін болады. Олар артық салмаққа төзімді әрі қауіпсіз болмақ. Сондай-ақ, оны пайдалану мерзімі де ұзаратын болады. Жөндеу жұмыстары процесінде жолақтың ені мен ұзындығы да ұлғаяды», - делінген хабарламада.

Аэродромдар желісін жөндеуге мемлекеттен бөлінген қаражат ұшу қауіпсіздігі мәселелерін нығайту мәселелеріндегі маңызды бағыт болып табылады.

Өткен ғасырдың 70 жылдарының басында  пайдалануға берілген авиабазаны толық қайта құрылымдау тұңғыш рет жүргізіліп отыр.

 

 

Барлық жаңалықтар