• Басты
  • Жаңалықтар
  • 150-ге жуық спортшы Астанада жасөспірімдер арасында өтетін көркем гимнастика бойынша Азия чемпионатына қатысады

150-ге жуық спортшы Астанада жасөспірімдер арасында өтетін көркем гимнастика бойынша Азия чемпионатына қатысады

27 Сәуір, 2016 16:41
Бүгін Астанада жасөспірімдер арасында көркем гимнастикадан XIV Азия чемпионаты өтеді. Азияның 13 елінен 150 спортшы Қазақстанға шараға қатысу үшін келді, деді Қазақстандық гимнастика федерациясының президенті Үміт Шаяхметова ОКҚ-да.

«13 елден 150 қатысушы келді. Шараның бас төрешісі жапониялық Рика Яммато.  Бізде сондай-ақ, Корея, Сингапур, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай Тайбэя, Малайзия, Таиланд, Үндістаннан төрешілер болады», - деді ол.

Оның айтуынша, шарада 24 алқа ойнатылады. 

Барлық жаңалықтар