- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының сыртқы сауда айналымы 84 млн долларды құрады
Қызылорда облысының сыртқы сауда айналымы 84 млн долларды құрады
Экспорт пен импорттың азаюына, негізінен, мұнай бағасының әлемдік рынокта құлдырауы себеп болып отыр. Тиісінше, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар мен олардың мердігерлері сырттан тауар тасымалдауды азайтқан.
Импорт құрамын елдер бойынша таразылағанда, негізгі тауарлар үлесі Қытайдан келетін қарқыны сақталуда (52%), 23 пайыз тауарлар Испаниядан әкелінеді екен, Финляндиядан 5 пайыз, Өзбекстан мен Литвадан 3 пайыздан импортталады. Экспорттың географиясы да Қытайдан басталады (67%), 22 пайыз тауарлар үлесі Италияға шығарылады, Ауғаныстан мен Тәжікстанға экспортталатын тауарлар үлесі 4 пайыздан келеді.
Сыртқы сауда айналымының құрамын тауарлар бойынша зерделесек, импорталатын тауарлардың негізін жабдықтар мен механизмдер (52%) құрайды, сырттан келетін тауарлар қатарында, 7 және 8 пайыздан, электр машиналары мен құрылғылар, неорганикалық химия өнімдері, пластмасса және одан жасалған заттар, сондай-ақ қара металл өнімдері бар.
Экспорттың басым бөлігі, яғни 52 пайызы шикі мұнай мен газға, 41 пайызы табиғи уранға тиесілі, жергілікті өнімдер – күріш пен балық – экспорттың 4 және 2 пайызын құрайды.
Барлық тауарлар «күнбе күн» тәртібімен ресімделуде. Тауарларды кедендік тазартудан өткізудің бірінші тоқсандағы орташа уақыты: импорт үшін 1 сағат 22 минутты, экспорт үшін 20 минутты құрап отыр.
Кедендік төлемдер мен салықтардан 3 айда 2,4 млрд. теңге өндірілді, яғни болжамды тапсырма 104,7 пайызға орындалды.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері