• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жастар форумы аясында ШҚО-да 500-ден астам «жас Отан» белсендісі Абайдың ауылына барды

Жастар форумы аясында ШҚО-да 500-ден астам «жас Отан» белсендісі Абайдың ауылына барды

27 Сәуір, 2016 19:52
ШҚО-да «Нұрлы Болашақ Жастары» облыстық форумында 500-ден астам қатысушы ұлы ойшыл Абайдың ауылына жиналды, деп хабарлайды Ақпарат орталығы.

«Нұрлы Болашақ Жастары» облыстық форумы «Жастар Отанға» партиялық жобасының аясында Абай ауданында өтті. Іс-шараның мақсаты: жастарды «Мәңгілік ел» идеясының маңайын топтастыру және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру арқылы патриоттық тәрбиеге баулу.

Форум Абай – Жидебайдағы Шәкәрім кесенесін аралаудан басталды. Форум қатысушыларының басым көпшілі Абайдың туған жеріне бірінші рет келіп тұр. Бұдан әрі «Нұрлы Болашақ Жастары» автошеруі Қарауыл ауылында өтті.

«Форум аясында «Жас Отан» ЖҚ-ң белсенділері мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін 5 номинациямен марапатталды. Олар: «Үздік аумақтық филиал», «Үздік ерікті», «Үздік бірінші бөлім», «Үздік тқраға», «Үздік акция»»,-делінген хабарламада.

«Гүлдене бер, туған ел» республикалық акциясы аясында жасотандықтар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Мамай батыр саябағына 100 шырша отырғызды.

Форум соңы Абай ауданының шығармашылық ұжымының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Барлық жаңалықтар