• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы Ақтөбе облысында туберкулезге қарсы күрес диспансері мен жедел жәрдем көмегі бекетінің құрылысы басталады

2014 жылы Ақтөбе облысында туберкулезге қарсы күрес диспансері мен жедел жәрдем көмегі бекетінің құрылысы басталады

21 Қараша, 2013 10:34
Келер жылы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің және жөндеу базасы мен қосалқы стансалары бар қалалық медициналық жедел жәрдем стансасы кешенінің құрылысы басталады, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Облыста «100 аурухана құрылысы», «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және 50 емхана құрылысы» мемлекеттік бағдарламалары нәтижелі іске асырылуда. 2014 жылы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің және жөндеу базасы мен қосалқы стансалары бар қалалық медициналық жедел жәрдем стансасы кешенінің құрылысы басталады», - деп хабарламада нақтыланған.

Ағымдағы жылы Шұбарқұдық поселкесінде ауысымына 250 қабылдауға арналған Темір аудандық емханасы пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін тағы екі ірі мекеме – облыс орталығындағы 500 қабылдауға арналған қалалық емхана мен 300 керуеттік көпсалалы аурухана пайдалануға беріледі. Әл-ауқаты жоғары елді мекендерде жоспарланған  19 дәрігерлік амбулатория құрылысының 9-ы үстіміздегі жылы салынды.

«Денсаулық сақтаудың біртұтас ұлттық жүйесін енгізу денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторының белсенді түрде дамуына мүмкіндік берді және бүгін облыста мемлекеттік тапсырыстың 25 пайыз көлемін жеке медициналық ұйымдар жүзеге асырады», - деп хабарламада нақтыланған.  

Барлық жаңалықтар