- Басты
- Жаңалықтар
- Пекинде Қытай-Қазақстан- Түрікменстан- Иран бағдарын дамыту мәселесі талқыланды
Пекинде Қытай-Қазақстан- Түрікменстан- Иран бағдарын дамыту мәселесі талқыланды
Шараны Қазақстан, Түркменстан мемлекеттерінің Қытайдағы елшіліктері мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірлесіп ұйымдастырды.
Мемлекет басшысының 2016 жылғы 11 сәуірдегі Тегеранға сапары барысында Қазақстан Иранмен бірлесіп «Жібек жолы» бағдарының көліктік-логистикалық әлеуетін дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасы қабылданған болатын.
Бағдарлама бәсекелестікке сай тариф белгілеу, шекаралық станцияларды дамыту, шекарадан өту мерзімін қысқарту, Қытай- Қазақстан- Түркменстан- Иран /Парсы шығанағы елдері/ Индия бағдарында және кері бағытта жүк айналымын ұлғайтуды көздейді.
Аталмыш магистраль Қазақстан мен Қытайдың «Нұрлы жол» және «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламасының нақты орындалуының көрсеткіші болып табылады.
Қытай-Қазақстан-Түркменстан-Иран жаңа темір жол желісі бағдардың бәсекелестігі мен контейнерлік тасымал қызметін көтерудің жоғары көліктік әлеуетіне ие.
Қазақстанда құрлық арқылы дәліздермен транзиттік –көліктік әлеуетті көтеру тиімді темір жол желісі мен логистикалық инфрақұрылым жасақталып, жүктерді жеткізуді жеделдету мен көліктік шығындарды оңтайландыру қарастырылуда.
Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті Қанат Алпысбаев қазіргі таңда Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай терминалын, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА бірлесе пайдалануға зор мүмкіндіктер бар екендігін атап өтті.
Ляньюньган портындағы логистикалық терминал 2015 жылы 193 мың ЖФЭ контейнер өңделген. Ляньюньганнан Орталық Азия мен Қазақстанға 498 контейнерлік пойыз жіберілді. 2020 жылдарға қарай терминал арқылы жылына 500 мың (ЖФЭ) контейнер жөнелту жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда Ляньюньган портында ШЫҰ логистикалық аймағын дамыту жоспарлануда. Ол арқылы 2020 жылдарға қарай 2,2 миллион ЖФЭ контейнер жүкті шоғырландыруға болады.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Қытай-Ресей- Орталық Азия- Оңтүстік Кавказ, Еуропа бағдарына шығатын жүк ағындарын шоғырландырудың көліктік-логистикалық хабы болып табылады.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты пайдаланыла бастады. 2015 жылдың екінші жартысында Құрғақ порт арқылы 14 мың ЖФЭ контейнері өңделді.
Иран тарабымен бірлесе көліктік- логистикалық инфрақұрылым жасақтаудың Жол картасы бойынша Инчебурун станциясы, Бандер –Аббас теңіз порты контейнерлік терминалында жүзеге асырыла бастады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қытайдың бизнес қауымдастығымен Қазақстан менТүркменстан арқылы Иран бағдарына, Парсы шығанағы елдеріне транзиттік контейнерлік тасымалы кешенді мультимодальдық сервистік қызмет көрсетуге дайын.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту