- Басты
- Жаңалықтар
- О.Сүлейменов: Н.Назарбаев Жалпықоғамдық ядролық қарусыз әлем Декларациясының жүзеге асуын жеделдетуді ұсынды
О.Сүлейменов: Н.Назарбаев Жалпықоғамдық ядролық қарусыз әлем Декларациясының жүзеге асуын жеделдетуді ұсынды
««Невада - Семей» қозғалысы бірден бұл сұрақтың жауабы бола қойған жоқ. Өкінішке қарай, ғалымдар қалдықсыз АЭС құрмайынша, адамзат «бейбіт атом» энергиясына мұқтаж болады әлі. «Ескі» АЭС әлі де жердің түрлі қиырларында салынатын болады. Егер, осы жердің түрлі қиырларындағылар өздері отын таблеткаларын шығара бастаса, күндердің күнінде «қарулы материал» жасап шығулары әбден мүмкін. Сондықтан, МАГАТЭ-нің жаңа АЭС үшін отын таблеткаларын өндіруді АҚШ пен Ресейге сеніп тапсырып, ал оны отын банкіне бір жерде сақтауды қабылдауға байланысты ұсынысына Қазақстанның келіскені орынды сияқты. Өйткені, Қазақстан Атом проблемасын жетік біледі және оны әлемге таратпауға мүдделі»,-деді О.Сүлейменов.
Сонымен қатар ол, осы айдың басында АҚШ-та өткен ядролық қауіпсіздік Саммиті туралы да ойын айтты.
«Вашингтондағы бұл кездесуде бұрын өткен Сеул Саммитіннен кейінгі әлемде жасалған жұмыстардың қорытындысы жасалды. Екі жылдың ішінде жоғары байытылған уранның үлкен көлемі жойылды. 30-дан астам ел ядролық қауіпсіздік жөнінде ұлттық міндеттемелер қабылдады. Президент Н.Назарбаев Республикада және МАГАТЭмен бірлесе жасаған жұмысы туралы есеп берді. Н.Назарбаев АЭС-ғы соңғы апат, әсіресе «Фукусимадағы» жағдайлар бойынша қағидаларды тұжырымдап, ядролық өндірісте қауіпсіздікті нығайтуға қызмет жасайтын бейбіт энергия тәртібін ұсынды. Сонымен қатар, Н.Назарбаев Жалпықоғамдық ядролық қарусыз әлем Декларациясының жүзеге асуын жеделдетуді ұсынды. Бұл ядролық қару бойынша Конвенцияға апаратын маңызды қадам. Біздің Президент екі жыл сайын осындай Саммитте жиналып тұру жөнінде ұсыныс жасады. Солардың бірін болашақта біздің елде – Астанада өткізуді де ұсынды»,-деп атап өтті белгілі мемлекет және қоғам қайраткері.
Данияр Қасымов
Фото: 365info.kz
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр