- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның әскери ақ желеңділері Армия ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр (ФОТО)
Қазақстанның әскери ақ желеңділері Армия ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр (ФОТО)
Құрлық әскерлерінің Гвардейск гарнизоны оқу-жаттығу орталығының базасында байқаудың ашылу рәсімі өтті. Өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің 5 командасынан құралған үздік 34 әскери-медициналық маман жаттықтырудан өтіп, Құрлық әскерлері арасында «Әскери-медициналық эстафета» байқауында тартысқа түседі.
Байқау шеңберінде әскери ақ желеңділер әскерлердің жауынгерлік даярлығын медициналық қамтамасыз етуде қолданып жүрген кәсіби дағдыларын паш етеді. Эстафетаның әрбір қатысушысы кедергілер жолағынан, атыс шебінен өтеді. Сондай-ақ ұрыс алаңынан шартты жаралыларды шығару және медика-санитарлық көмек көрсету бойынша кәсіби машықтарын көрсетеді.
Мұның барлығын әскери медиктер жасай білуі тиіс. Қазіргі кезде үздіктерді, Армия халықаралық ойындары-2016 сайысында еліміздің намысын кім қорғайтынын анықтау үшін олар сайысқа түсуде. Осы жарыстың мақсаты халықаралық әскери ынытмақтастықты нығайту, әскери қызмет пен медициналық мамандардың әскери-кәсіптік қызметінің беделін арттыру болып табылады.
Жеңімпаздар «Жеке шеберлік» пен «Командалық біріншілік» аталымдарында анықталады. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар Ресей Федерациясында өтетін Армия ойындары-2016 сайысының халықаралық кезеңінде қатысуды жалғастырады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы