Қазақстанның 23 мың ауыл кәсіпкері «ҚазАгро» арқылы қарыз алды

21 Қараша, 2013 09:57
Ауылдық жерлердегі «ҚазАгро» Ұлттық холдингіне берешек кәсіпкерлердің жалпы саны 23 мыңға жетеді, деп хабарлайды Ұлттық холдингтің баспасөз қызметі.

«Ауылдық жерлердегі «ҚазАгро» Ұлттық холдингіне берешек кәсіпкерлердің жалпы саны 23 мыңға жетеді. «ҚазАгродан» аграрлық саланы қолдау мақсатында 1,2 трлн теңгеден астам қаражат бағытталған», - делінген хабарламада.

Холдингтің тұтастай несиелік портфелі 330 млрд теңгеден асып жығылады. Бұл агроөнеркәсіптік кешенге несие берудің 50 пайызын құрайды.

Хабарламада айтылғандай, 2013 жылы 68 инвестициялық жобаны қолданысқа беру жоспарланып отыр.

«ҚазАгро» сарапшыларының бағалауына сүйенсек, жобаларды іске асырудың тиімділігі құс еті өнімін импорттауды 52,3%, сүт өнімі импортын 18%, маусымаралық уақыттарда көкеніс тапшылығын 53%-ға төмендетпек.  Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі тұқымды репродуктор құру, сүтті ірі қара сатып алу, фермерлік шаруашылықтарға бұқа сатып алу және бордақылау қораларын салу арқылы жоғарғы сапалы тұқымды мал басын көбейтуге қаржы бөліп келе жатыр.

Барлық жаңалықтар