- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жекешелендіру аясында 258 нысан сатылды
Қазақстанда жекешелендіру аясында 258 нысан сатылды
«2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде 450 объекті жекешелендіруге жатады. 2016 жылдың 25 сәуірдегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 428 объекті шығарылды, оның ішінде 258 объекті сатылды, оның ішінде республикалық меншік бойынша - 17, коммуналдық меншік бойынша - 123, ӘКК - 68, холдингтер бойынша – 50», - делінген хабарламада.
Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 6 774 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 4 215 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 262 млн. теңге, ӘКК – 3 295 млн. теңге.
Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2020 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 45 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде сатуға 24 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 25 сәуірдегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа іс жүзінде 24 объекті шығарылды, оның ішінде 17 объекті сатылды.
Коммуналдық меншік бойынша барлығы 2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 283 объекті сатылуға жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде 210 объекті жекешелендіруге жатқан. Іс жүзінде 25 сәуірдегі жағдайы бойынша 207 объекті шығарылды, соның ішінде 123 объекті сатылды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2020 жылдарда сату кестесі бойынша сатуға 122 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде жекешелендіруге жатқан 88 объектіден іс жүзінде 86 объекті сатуға шығарылып, 68 объекті сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014 - 2020 жж. арналған сату кестесі бойынша 155 объекті жекешелендіруге жатады. А.ж. 25 сәуірдегі жағдайы бойынша жоспарланған 128 объектінің 111 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады