- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында күріш егу науқаны басталды – әкімдік
Қызылорда облысында күріш егу науқаны басталды – әкімдік
Дән себуді алғаш болып аймақтың оңтүстік аудандары бастады. Ерте көктемнен топырақ тыңайтып, Жер ананы идіруге кіріскен диқан қауым күздігүні қамба толтырудан үмітті.
«Ішкі шаруашылық каналдарды, магистралдық каналдарды жөндеу, гидропосттарды қалпына келтіру, биік жерге су жетпей жатса, су сорғыштарын дайындау жөнінде тапсырма берілген. Сол жұмыстар қазір өз деңгейінде жүргізілуде. Жалпы көктем айы өте жаңбырлы болуына байланысты да қазірден Шардараға 4,8 млрд текше метр су жиналып отыр. Оның үстіне Көксарайға 2,4 млрд текше су жиналып, қазір барлығы 7,2 млрд текше су болып тұр. Енді біздің егістік үшін барлығы 4,1 млрд текше су қажет. Су жеткілікті болады деп есептеп отырмыз», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов.
Суармалы егістік бойындағы гидротехникалық құрылғылардың 3/2-сі қолданысқа жарамсыз еді. Осы орайда су жеткізуші 30-дан астам канал арнасы тазаланды. Егіс басында тер төккен диқандар мамыр басындағы мейрамдарда да тыным таппай, алдағы айдың ішінде толық тұқым сеуіп, суға бастыруды көздейді.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды