- Басты
- Жаңалықтар
- АрМИ-2016 халықаралық ойындарына қатысу үшін ҚР Қарулы Күштері әскери техника мен қару-жарақтың хас шеберлері анықталды
АрМИ-2016 халықаралық ойындарына қатысу үшін ҚР Қарулы Күштері әскери техника мен қару-жарақтың хас шеберлері анықталды
Жарысқа 5 командадан құралған әскери қызметшілер қатысты. Өздерінің жауынгерлік әзірліктерін көрсеткен «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтары мен Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері. «Қару-жарақ шебері» байқауы аясында қатысушылар нормативтерге сәйкес АК-74 пен артиллериялық қару-жарақты бөлшектеп, жинады.
Әскери қызметшілердің алдында қару-жарақтың ақаулығын жойып, сол қарудан көрсетілген межеге оқ атып, 400-500 метрлік эстафетадан өту тапсырмасы тұрды. Қатысушылар барлық нормативтер бойынша барлық қойылған тапсырмаларды орындап шықты. Қорытындысы бойынша «Оңтүстік» ӨңҚ 01731 әскери бөлімі бірінші орынды, «Шығыс» ӨңҚ командасы екінші орынды иеленді.
Аэроұтқыр әскерлері, «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының грамотасымен марапатталды. «Автоброньды танкті техника шебері» байқауында әскери қызметшілер ауыр және жеңіл әскери техникада әртүрлі кедергілерді еңсерді. Сайыста істен шыққан техниканы тас жолға тартып шығару және бір уақытта көрсетілген нысана бойынша атысты жүргізу қерек болды. Техника экипаждары бағдар бойынша жүріп өтіп, барлық кедергілерді еңсерді.
Енді жеңімпаз командалар халықаралық кезеңге дайындалатын болады. Бірінші орынды иеленген команда Ресей Федерациясында өтетін Армия халықаралық ойындары-2016 додасында Қазақстанның намысын қорғайтынын естеріңізге сала кетейік.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды