- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның Глубокое ауданында қайырымдылық орталығын ашу жоспарлануда
ШҚО-ның Глубокое ауданында қайырымдылық орталығын ашу жоспарлануда
26 Сәуір, 2016 16:24
Глубокое ауданында мұқтаж жандар мен аз қамтылған отбасыларға және зейнеткерлерге арналған қайырымдылық орталығы ашылады. ШҚО ақпарат орталығының хабарлауынша, ол халықты әлеуметтік қорғау қызметін ұсынатын болады.
Орталық жанында атаулы көмек дүкені, ақпараттық-кеңестік және танымдық бөлімі жұмыс істейтін болады. Әрбір көмекке мұқтаж осында келіп, кеңес пен қолдауға ие бола алады.
Глубокое ауданының әкімі Қалиқан Байғонысовтың айтуынша, ғимаратты әкім берген. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Орталықты осы жылдың мамыр айының соңына дейін ашу жоспарланып отыр.
Атап өту керек, Орталықтың ашылуына Глубокое ауданының қоғамдық кеңесі мұрындық болған.
«Біздің басты міндет – мемлекеттік бағдарламалардың орындалу жағдайын білу және ол бағдарламалардың халық өміріне әсері, әлеуметтік саланың дамуы, глубокоелықтардың өмір сапасын арттыру»,-дейді аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Вячеслав Цой.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Қайырымдылық жобасы 2 млн адамды қамтыды -
Мемлекеттік хатшы: Елімізде қайырымдылық рейтингісі жасалып, волонтерлер ынталандырылуы қажет -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Елордадағы "ерекше" балалар "Ailand" орталығына тегін саяхаттады
-
БҚО-дағы ауыл әйелдерінің форумы: Ауылда кәсіп ашудың мүмкіндіктері талқыланды -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
Алматының Әуезов ауданында жаңа мектеп ашылады -
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының қызметіне оң баға берілді -
Алматы облысының орталығын газдандыру жалғасуда