- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Ауыл шаруашылық жерлерін шетелдіктерге сату мәселесін талқылау қарастырылмайды
Н.Назарбаев: Ауыл шаруашылық жерлерін шетелдіктерге сату мәселесін талқылау қарастырылмайды
«Соңғы уақытта шетелдіктерге Қазақстанның жері сатылмақ деген жалған ақпараттардың үздіксіз жариялануынан жер мәселесіне қатты назар аударылып отыр. Бірнеше мәрте түсіндірілді, мен де бұл шындыққа сәйкес келмейтіндігін айттым. Тағы да бір мәрте айтқым келеді, ауыл шарушылығы жерлерін шетелдік азаматтар мен компанияларға сату туралы мәселе тұрған жоқ және талқыланбайды да. Бұл тақырыптағы алыпқашпа сөздер негізсіз. Арандатушылар әшкереленіп, ел заңына сәйкес жазалануы тиіс», - деді Н.Назарбаев.
ҚР Президентінің атап өтуінше, елімізде ауыл шаруашылығы жерлері жалға 10 жылға беріліп келген. Алайда, бұл аралықта аграрийлер салған қаржысын қайтарып ала алмайды. Сондықтан, жалға беру мерзімін 25 жылға дейін ұзарту шешімі қабылданған. Жалпы, мұндай тәжірибе барлық елдерде бар. Мәселен, Ресей 49 жылға, Біріккен Араб Әмірліктері 99 жылға, Еуропа елдері 25, 49, 99 жылға жерді жалға береді.
«Алаңға шығып шу шығарып жүргендер трактордан не болмаса аттан түсіп жетіп келгендер емес. Олардың ауыл шаруашылығы жайында түсінігі де жоқ, бұл жерлердің қайда екендігін де білмейді», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қазақ жері халықтың жері екенін баса айтты.
«Жер - ата-бабамыздан бізге мирас болып қалған ең басты қазынамыз, ұлтымыздың ұлы байлығы. Қазақтың даласы - халықтың меншігі. Қазақстанның 14 мың шақырым шекарасын шегендеу үшін мен 8 жыл әр жерде, әр адамдармен, әр басшылармен келіссөздер жүргіздім, қиын-қиын жерлерден өттік. Келістік. Тұңғыш рет Қазақстанның өз территориясы бар. Шекараны шегендедік. Не үшін? Жердің тұтастығы үшін жасап отырмыз оны. Жер туралы кодекстегі өзгерістер ауыл шаруашылығымен айналысып жүрген шаруақор адамдарға жеңілдік жасауды көздейді. Олар жердің қожасы болса, жердің қадірлейді. Күтеді», - деді Елбасы.
Индира Кауметова
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
БҚО: Ауыл шарушалығы, білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері мен өңірдегі эпидахуал -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер