• Басты
  • Қазақстанның әскери ақ желеңділері Армия ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр (ФОТО)
26 Сәуір, 2016 14:48

Қазақстанның әскери ақ желеңділері Армия ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр (ФОТО)

Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі әскери медициналық қызметтер алғаш рет «Әскери медициналық эстафета» байқауында Армия халықаралық ойындарына қатысуға дайындалуда. Құрлық әскерлерінің Гвардейск гарнизоны оқу-жаттығу орталығының базасында байқаудың ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанның әскери ақ желеңділері Армия ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр (ФОТО)

Өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің 5 командасынан құралған үздік 34 әскери-медициналық маман жаттықтырудан өтіп, Құрлық әскерлері арасында «Әскери-медициналық эстафета» байқауында тартысқа түседі.

Байқау шеңберінде әскери ақ желеңділер әскерлердің жауынгерлік даярлығын медициналық қамтамасыз етуде қолданып жүрген кәсіби дағдыларын паш етеді.  

Эстафетаның әрбір қатысушысы кедергілер жолағынан, атыс шебінен өтеді. Сондай-ақ ұрыс алаңынан шартты жаралыларды шығару және медика-санитарлық көмек көрсету бойынша кәсіби машықтарын көрсетеді.   

Мұның барлығын әскери медиктер жасай білуі тиіс. Қазіргі кезде үздіктерді, Армия халықаралық ойындары-2016 сайысында еліміздің намысын кім қорғайтынын анықтау үшін олар сайысқа түсуде. Осы жарыстың мақсаты  халықаралық әскери ынытмақтастықты нығайту, әскери қызмет пен медициналық мамандардың әскери-кәсіптік қызметінің беделін арттыру болып табылады.

Жеңімпаздар «Жеке шеберлік» пен «Командалық біріншілік» аталымдарында анықталады. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар Ресей Федерациясында өтетін Армия ойындары-2016 сайысының халықаралық кезеңінде қатысуды жалғастырады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды