- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан сот жүйесіне судья көмекшісі ұғымын енгізу керек –С.Амосов
Қазақстан сот жүйесіне судья көмекшісі ұғымын енгізу керек –С.Амосов
«Менің байқауымша, Қазақстан сот жүйесінің судьялар қауымдастығында жас мамандандарға арналған сот көмекшісі секілді «баспалдақ» қарастырылмаған. Ресейде бұл тәжірибе бұрыннан бар және ресейлік судьялардың шамамен 90%-ы аталмыш қызметтен шыққандар», - деді С.Амосов.
Оның айтуынша, бұл институт өзін дәлелдей алды, ал судьялардың жұмысын көмекшісіз елестету мүмкін емес қазір.
«Бұл кадр резерві ғана емес, сонымен қатар судьялар жұмысының жеңілдетілуіне жасалған қадам. Өйткені көмекші олардың жұмыстарының көп бөлігін атқаруға қолғабыс болады. Ары-беріден соң, қазылардың жұмысын жеңілдетудің бірден бір жолы судьялар көмекшісі ұғымын енгізу болар. Тіпті бір қазының басына бір көмекші ғана емес бесеуге дейін арттырса артықтық етпейді», - деді РФ Жоғарғы Арбитражды Сот Төрағасының орынбасары.
Ресейлік маманның пікірінше, судья кадрларын дайындау өте қиын және маңызды мәселе болып табылады.
«Біздің көптеген ортақ ұқсастықтарымыз бар, айтатын мәселелеріміздің мазмұны да алшақ емес. Осы тұрғыда мен қазақстандық сот жүйесіне барынша молынан академизм, сот жүйесі жұмыстарына ғылымилық, судьялардың азаматтармен қатынасында адамгершілік, барынша аз қағазбастылықты тілер едім. Бастысы сауаттылық қана емес, әделіттілік те қажет. Заңгер қазылар қауымдастығына енгенде заң мен білімді игеріп кете алады, ал адамгершілік құндылықтарды игеру қиын», - дегенді айтты С.Амосов.
Сонымен қатар, ол VI Судьялар съезінде айтылған тапсырмаларды орындау үшін барлық жағдайдың жасалғанынн айтты.
«Қазылардың экономикалық әлеуеті, кәсіби біліктілігі, биліктің үшінші билік, соттың заңнамалық және орындаушылық қызметіне қолдау көрсетуі мен Қазақстан судьяларының жетілуге деген талпынысы – мұның бәрі ҚР сот жүйесінің басты қозғаушы күші», - деп түйіндеді сөзін ресейлік маман.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты