- Басты
- Жаңалықтар
- “Астана Операда” 1 мамыр «Бір шаңырақ астында!» атты мерекелік концерт өтеді
“Астана Операда” 1 мамыр «Бір шаңырақ астында!» атты мерекелік концерт өтеді
Тыңдарманды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Абзал Мұхитдинов пен Айдар Әбжаханов, сондай-ақ Арман Оразғалиев пен Руслан Баймурзин басшылық ететін «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің асқақ өнері қуантады.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бас хормейстер Ержан Дәуітовтің жетекшілігіндегі театрдың тамаша хоры, ерекше балет труппасы (көркемдік жетекшісі Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова, балет труппасының директоры - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев) айрықша нөмірлер дайындаған.
Театр режиссері Наталья Кагадий салтанатты кеште өнер сүйер қауымды не күтіп тұрғаны жайлы әңгімеледі.
“Тыңдарманға мерекелік көңіл-күй сыйлау және халықтар бірлігінің рухын жеткізу – біздің міндетіміз. Біз бәріміз – көрермендер мен әртістер – ондаған жылдар бойы қонақжай қазақстандық шаңырақ астында тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Біздің «театр атты үйіміздің» көпұлтты труппасы қазақстандық музыкалық өнерді дамыту жолында ұйымшылдықпен жұмыс істеп келеді”, - деп атап өтті Наталья Кагадий.
Концертте қазақстандық композитор-классиктердің симфониялық музыкасы, ариялары мен белгілі операларынан көрініс қойылып, қазақ, орыс, украин, башқұрт және басқа да халық әндері мен билері орындалады. Ұлттық музыка дәстүрінің ең бай үлгілері әлем халықтарының шығармаларымен ұсынылады.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші