- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрі ОҚО-ның көктемгі егіс науқаны жұмыстарымен танысты (ФОТО)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі ОҚО-ның көктемгі егіс науқаны жұмыстарымен танысты (ФОТО)
Ауыл шаруашылығы министрі, ең алдымен, биоагенттер шығарумен айналысатын өңірдегі ірі кәсіпорын «Биофабрика-Жетісай» ЖШС-нде болды. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы көлемі 50 мың гектар алқапты құрайтын аумаққа жетеді.
Мұнан соң, жұмысшы топ «Береке Мақта» ауылшаруашылық тұтыну кооперативінің көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты.
Кооператив төрағасы Мұрат Құрбановтың айтуынша, көлемі 6832 гектар болатын жерге мақта мен бақша дақылдарын және жүгері мен көкөністер егу жоспарлануда. Негізінен, аталған шаруашылықтағы барлық өнімдер әрдайым үлкен сұранысқа ие.
Жұмыс тобының «Береке Мақта» ӘКК-на іс-сапары кезінде облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен бірге семинар-кеңес өтті. Онда талқыға салынған негізгі тақырып - Оңтүстік Қазақстандағы мақта шаруашылығын дамыту жайы болды.
Жиында сөз алған өңір басшысы облыстағы мақта егісінің 80 пайызы аталған ауданға тиесілі екенін айта келе, мақта шаруашылығын дамытудың арқасында алдағы жылдары «ақ алтын» түсімділігін 40-45 центнерге дейін көбейтіп, жалпы өнім көлемін 300-400 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отырғанын айтты. Айта кетейік, Мақтарал ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 136 мың гектарды құраса, соның 83 мың гектары мақта өсіруге арналған алқап.
«Өздеріңіз білесіздер, Елбасымыз үнемі шағын және орта кәсіпкерлікті, ауылшарушылығын дамытуға мән беріп келеді. Сол арқылы халықты жұмыспен қамтуды тапсырып отырады. Бұл салалар Мемлекет Басшысының әр Жолдауында айтылады. Мемлекет тарапынан жыл сайын бөлініп жатқан ауқымды қолдаулар осыған дәлел болып келеді», - деді өңір басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі семинар-кеңесте министрге саладағы бірқатар өзекті мәселелерді жеткізді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда аймақ үшін шешуін тез арада қажет ететін түйткілдер - топырақтың мелиоративтік жағдайы мен мақта шаруашылығындағы егіс көлемінің ұсақтылығы, ауыспалы егістің сақталмауы мен су жүйелерінің тозуы, сонымен қатар, ағын судың жетіспеушілігі мен жоғары сұрыпты тұқымдармен қамтамасыз ету жағдайлары болып табылады.
Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы министрі министрліктің осы бағыттағы жұмыстар жоспарымен бөлісіп, жиында айтылған мәселелердің өз ретімен шешімін табатынын хабарлады.
Сонымен қатар, семинарда мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулардың арқасында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне үлкен көмек көрсетіліп жатқаны айтылды. Оның ішінде, әсіресе, субсидияланған жанар-жағармай мен ауыл шаруашылығы техникалары тілге тиек етілді.
Іс-сапар соңында Асылжан Мамытбеков «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналында болып, су арнасының жағдайымен танысты. Ирригациялық жүйенің қуаттылығы секундына 60 текше метр суды құрайды. Бұл ауқымы 86,7 мың гектар болатын жер шаруашылығын суаруға жеткілікті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы