- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан әлемнің көптеген елдері үшін бірлік пен келісім үлгісі болды - ҚХА
Қазақстан әлемнің көптеген елдері үшін бірлік пен келісім үлгісі болды - ҚХА
«Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан бері қарайғы жылдарда дамудың ұзақ жолынан өтті. Осы уақыт аралығында зияткерлік әлеуеті артып, халықтық дипломатия институты дәрежесіне дейін көтерілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жылдық мерейтойы кезеңінде қазақстандық біртектілікті нығайту мен жаңа қазақстандық патриотизмді ұлықтау мақсатында бірқатар жалпыұлттық жобаларды сәтті жүзеге асырды. Бұл жобалардың қатарында 35 мың адамға көмек көрсетуге ықпалы болған «ҚХА – 20 қайырымды іс» республикалық әлеуметтік акциясы бар. Бұл дәстүрді 2016-шы жылы «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғастырып алып кетті. Сонымен қатар, 50 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсеткен «Менің Қазақстаным» пойызы» акциясы, онкологиялық дертке шалдыққан балаларды қолдауға арналған «Асар» республикалық акциясы, лейкоз және басқа да ауруларға шалдыққан балаларға көмек көрсетілді»,-деді Л.Ни, XXIV Ассамблея сессиясы мен 1-ші мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында берген сұхбатында.
Сонымен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында «Ұлы дала елі» тарихи-мәдени экспедиция ұйымдастырылды. Онда Қазақстан территориясының 20 мың шақырым жерін жүріп өтіп, 50 мың адамның қатысуымен 350-дей іс-шара өткен.
Олардың қатарында 100-ден астам беделді ғалымдар, тарихшы-қоғамтанушылар болды. Бұл керемет экспедицияның қорытындысы ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама кеңесінің ұсынуымен «Ұлы дала тарихы» атты кітап шығарылды.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық ұйымдары мен донорлардың съезін өткізді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде ҚХА елдегі барлық қайырымдылық шаралардың ұйытқысы болды деуге болады. Сонымен қатар, Ассамблея медиация орталығы сәтті қызмет атқаруда. Ол ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ң базасында ашылған болатын. Онда аймақтық Достық үйлері базасында медиаторлар мектебін құруға баса назар аударады. Яғни, ҚХА-ы азаматтардың кикілжіңдерін алысқа жеткізбей шешуге септігін тигізеді. Ғылыми-сараптама аясында ҚХА-ы аймақтарда 925 іс-шара өткізді»,-деп атап өтті Л.Ни.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция