- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда жергілікті полиция қызметінің алғашқы қорытындылары талқыланды (ФОТО)
Қарағандыда жергілікті полиция қызметінің алғашқы қорытындылары талқыланды (ФОТО)
Басқосуды ашқан Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров 2016 жылғы 1 қаңтарынан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енгенін мәлімдеді.
«Бұл Заң қоғамдық тәртіпті нығайту, қылмыстың алдын-алу, ішкі істер органдарының қызметіне халықтың сенімін арттыру және олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен сол жердегі халыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін қалыптастыру бөлігінде бес институционалды реформаны жүзеге асыратын «100 нақты қадам - Ұлт жоспарды» орындауға бағытталған»,- деді.
Дөңгелек үстелде Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков сөз сөйлеп, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасады.
Министр: «Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша 100 нақты қадам ұлт жоспарына сәйкес елімізде жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қауымдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылды.
Осыған байланысты ІІМ ағымдағы жылғы бірінші қаңтардан бастап қоғамдық тәртіпті қорғауды, жол қауіпсіздігін және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етудің жаңа форматына көшті. Осы мәселелерді шешуде жергілікті атқарушы органдарға ерекше рөл бөлінген.
Бүгінгі күні жергілікті полиция қызметін тиісінше ұйымдастыру бойынша барлық қажетті заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды. Жергілікті полиция қызметінің әкімдіктермен және ішкі істер органдарының өзге қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасуының қажетті тетіктері пысықталған»,- деді.
Іс-шарада жергілікті полиция қызметін құру кезінде үлкен жұмыс жүргізілгені және бүгінде полицияның құқық қорғау әлеуетін күшейту бойынша маңызды міндеттер тұрғаны да аталып өтті.
Дөңгелек үстел барысында жергілікті полиция қызметінің жұмысын қалыптастыру және жетілдіру мәселелері, оның қызметінің алғашқы нәтижелері талқыланды, жаңа институттың табысты жұмыс істеуі үшін оңтайлы жағдайлар құру жөнінде ұсыныстар пысықталды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар жергілікті полиция қызметінің оң нәтижелерін айтып, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасасу мәселелерінде заңнаманы жетілдіру бойынша бірқатар ұсынымдарды пысықтады.
Шара Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының, ҚР ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында Ішкі істер министрлігі басшылығының, Қарағанды облысы әкімінің, «Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңес өкілдерінің қатысуымен болды.
Сапар барысында Парламент Мәжілісінің депутаттары ІІД Жергілікті полиция қызметінің ғимаратында, №17 учаскелік полиция пунктінде, Қарағанды қаласының ІІБ Михайлов ПБ, Қарағанды облысының ЖПҚ Жол-патрульдік полиция полкінде болып, бөліністердің жұмысымен және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуымен танысып қайтты.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды