- Басты
- Жаңалықтар
- «Бәйтерек» холдингі Қостанай облысында 160 млрд теңге көлемінде бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырды
«Бәйтерек» холдингі Қостанай облысында 160 млрд теңге көлемінде бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырды
«Бүгінде облыста холдингтің қолдауымен жалпы құны 160,4 млрд. теңгеге 5 инвестициялық жоба мен 4 экспорттық операция іске асырылды. Осы инвестициялық жобалар шеңберінде 1432 тұрақты жұмыс орны құрылды. Облыста холдингтің қолдауымен іске асырылған ең ірі жобалардың бірі Қостанайдағы 131 млн АҚШ доллары сомасына («ҚДБ» АҚ-ның қарыз сомасы – 90 млн. АҚШ доллары) өнімділігі жылына 450 мың тонна ұсақ сұрыпты болат шығаратын кешеннің құрылысы болып табылады», - деді Қ. Бишімбаев.
«Сондай-ақ, Холдинг облыстағы инновациялық жобаларға қолдау көрсетеді. Айталық, бүгінде Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік 170 млн. теңгеден астам сомаға инновациялық грант беру туралы 3 шарт жасасты», - деп атап өтті ол.
Отырыс барысында «Бәйтерек» холдингінің басшысы Қуандық Бишімбаев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес тараптардың өзара іс-қимылы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына қатысушылардың тұрғын үй проблемаларын шешуге және тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Сондай-ақ, Ынтымақтастық туралы меморандумға құрылыс компанияларының басшылары мен холдингтің еншілес ұйымы – «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасы Бақыт Жақсыбаев қол қойды. Бұдан басқа, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен ынтымақтастық туралы уағдаласып, тиісті меморандум жасасты.
«Холдинг өңірде тұрғын үй салу бойынша қарқынды жұмыс жасауда. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы іске асырылғаннан бері тұрғын үй-құрылыс жинақтары арқылы жалпы құны 6 млрд. теңгеге жалпы алаңы 68 мың шаршы метр 1 046 пәтерлік 13 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Жас отбасылар үшін облыста жалпы алаңы 21,3 мың шаршы метр 352 пәтерден тұратын 7 тұрғын үй пайдалануға енгізілді», - деді құжаттарға қол қоюды түсіндірген Қ. Бишімбаев.
Оның айтуы бойынша, холдингтің еншілес ұйымы – «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ – кейіннен үйлерді әкімдікте тізімде тұрған азаматтарға жалға беру үшін 1,3 млрд. теңге сомасына жалпы ауданы 8,3 мың шаршы метр 126 пәтерді сатып алды.
«2016 жылы Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде біздің еншілес құрылым – «Бәйтерек девелопмент» АҚ Қостанай облысында жалпы құны 7 млрд. теңгеге 49 мың шыршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр», - деп атап өтті Қ. Бишімбаев.
Қостанайда «Бәйтерек» холдингінің басшысы «Әуежай» шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс алаңына («Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның бағыты бойынша тұрғын үй) барды, «Арман» ТК құрылысының барысымен («Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ның бағыты бойынша тұрғын үй) танысты. Сондай-ақ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына кілт тапсыру салтанатына қатысты.
Осы сапар барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
«ШОБ-ты дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде 2008 жылдан бастап холдингтің еншілес ұйымы – «Даму» қоры екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ Ұлттық қор қаражаты есебінен 90,97 млрд. теңге жалпы сомасына 1240 жобаны қаржыландырды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мөлшерлемелерді субсидиялау мен кредиттерге кепілдік беру жүйесі бойынша 98,5 млрд. теңге жалпы сомасына 656 жобаға қолдау көрсетті. Нәтижесінде 27 145 жұмыс орны сақталып, 4 000-нан астам жұмыс орны құрылды. Салық түсімдері 20 млрд. теңгені құрады», - деп мәлімдеді Қ. Бишімбаев.
Сапар барысында «Бәйтерек» холдингінің төрағасы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ның өндірістік алаңына барып қайтты.
«Қостанай облысы холдингтің қолдауымен еліміздегі автомобиль өнеркәсібінің ең басты орталықтардың біріне айналды. Мысалы, холдинг «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ның өндірістік қуатында Toyota Fortuner автомобильдерін құрастыру жөніндегі жобаның қаржыландыруын қамтамасыз етті (жылына 3000 автомобильге дейін, жоба құны – 100 млн. АҚШ доллары. «ҚДБ» АҚ-ның қарыз сомасы – 45 млн. АҚШ доллары)», - деді ол.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр