- Басты
- Жаңалықтар
- Елордалық полицейлік автопарк отандық автомобильдермен толықты
Елордалық полицейлік автопарк отандық автомобильдермен толықты
«Астанада әлемдік деңгейдегі қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық шаралар көп өтетіндіктен елордалық полицейлерге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу бойынша үлкен жауапкершілік жүктеледі, сондықтан олар елордалық жоғары статусқа лайықты және барлық көрсеткіштер бойынша үлгі аларлықтай болуы тиіс», - деді Ә. Жақсыбеков.
Өз кезегінде, Астана қаласы ІІД басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров тәртіп сақшыларының, соның ішінде жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмек көрсеткені үшін қалалық әкімдікке алғысын білдіріп, елордалық полицейлердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жоғары деңгейде атқаратынына сенім білдірді.
Полицейлік автокөліктердің қатарын толықтырған автомобильдер елімізде құрастырылған. Барлық көлік ІІО мәліметтер базасына енуге мүмкіндігі бар борттық компьютерлермен жабдықталған. Сонымен қатар, көліктерге қалалық телефон байланыс қызметі бар заманауи жаңа радиостанциялар, сондай-ақ, жедел кезекшілерге құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге бойынша полиция жасақтарын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін GPS спутниктік жүйесі орнатылған.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында әкімдікпен қала аумағында қосымша полиция пункттерін ашу үшін орынжайлар беріліп жатыр.
Астана қаласының әкімдігі қалалық полицейлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударады. Ильинка кентінде жергілікті полиция қызметкерлеріне үйлер берілді. Көп балалы және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар санатына жататын, сонымен қатар ІІБ 10 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен, сондай-ақ, қызметінде ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері жаңа баспанаға ие болды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша өзінің «100 нақты қадам» бағдарламасында полицейлердің жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығаратын бірқатар басты міндеттерді атап көрсетті. Ұлт жоспарының екінші бағыты «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» аясында үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін Жергілікті полиция қызметі құрылды. Оның басты міндеті қоғамдық тәртіпті қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады -
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде қабылдап жатыр -
Отандық QazVac вакцинасы қаншалықты тиімді -
Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырмақ -
Отандық туризмді дамыту: Заңға қандай өзгерістер енгізілмек