• Басты
  • Қазақстанда бүкіләлемдік иммундау апталығына арналған онкүндік басталды
26 Сәуір, 2016 08:41

Қазақстанда бүкіләлемдік иммундау апталығына арналған онкүндік басталды

2016 жылдың 24-30 сәуір аралығында еліміздің барлық аймақтарында бүкіләлемдік иммундау апталығына орай ұйымдастырылған «Иммундау шараларындағы кемшіліктерді жою» үранымен онкүндік өтуде, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда бүкіләлемдік иммундау апталығына арналған онкүндік басталды

Оның мақсаты – иммундаудың қоғамның саулығы мен амандығы үшін маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру.

Барша әлемде вакциналау жұқпалы аурулармен күресудегі үнемді, қолжетімді әрі тиімді құрал ретінде танылған. Қазақстанда Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 21 құпалы ауруға қарсы халықты вакцианалау тегін жүргізіледі. Еліміздің Ұлттық егу күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының (әрі қарай - ДДСҰ) ұсынымдарына сай келеді. Халықты иммундау тегін жүргізіледі. Вакциналау үшін ДДСҰ сертификаттаған, сапасы кепілдендірілген вакциналар қолданылады.

ДДСҰ отбасыларына балаларды ауруларға қарсы міндетті түрде вакциналауды ұсынады.

Атап өту керек, вакциналаудан бас тарту – еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мембағдарламасының аясында Ұлттық иммунологиялық профилактика регистрін жасау мен енгізу, жұқпалы ауруларды ескерту мен олардың алдын алу бойынша қоғамды әлеуметтік жұмылдыру бойынша жоспарды жүзеге асыру, еліміздің барлық өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу мен оны бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр.

“ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі СӨС Ұлттық орталығы Бүкіләлемдік иммундау апталығы аясында өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша ұсынымдарды әзірледі. Бұл – отбасын жоспарлау, босануға дайындалу, жас аналар мектептері мен дені сау балалар кабинеттерінің қатысушыларын ауруларды ескерту шаралары жайында, оның ішінде Ұлттық егу күнтізбесіне сай уақытылы иммундау туралы хабарландыру, вакциналау мен оның тиімділігі туралы ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың сапасы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету саласының медициналық қызметкерлері үшін оқыту семинарлары мен тренингтерді ұйымдастыру, босану үйлері, перинаталдық орталықтар, ауруханалар мен емханалардың балалар бөлімінде имуннологиялық профилактика туралы ақпараттық-ағартушылық материалдарды тарату арқылы дәрістер оқу, адам паппиломасы вирусына қарсы вакциналау жатыр мойны қатерлі ісігін болдырмайтынын, «В» геппатитіне қарсы – бауыр циррозы мен қатерлі ісігін, әйел адамдар үшін қызылша мен қызамыққа қарсы – түсік тастау, баланың бойында туабітті ауыр ауытқуларының орын алуына жол бермейді”, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында «Аурулардың алдын алудағы иммундаудың маңызы», «Арнайы және арнайы емес вакциналау деген не?» тақырыптарына дөңгелек столдар өткізу, «Вакцина ма әлде ауру ма? Қайсысы дұрыс?» тақырыбына байқау; жетекші медициналық мамандарды шақыру арқылы «Вакциналау – аурудан қорғану», «Вакциналаумен бірге сапалы өмір» тақырыптарына конференциялар, дебаттар мен пікірсайыстар өткізу, ЖОО, колледж студенттері қатарынан «тең-теңімен» қағидасы бойынша жастар арасында вакциналау бойынша ақпараттық жұмыс жүргізуге ерікті жастарды жинау т.б. ұсынылды.

Бүкіләлемдік иммундау апталығы аясында өткізілетін шаралар ең алдымен, халық арасында иммунопрофилактикаға деген сенімді көзқарас қалыптастыру, халықты, медицина қызметкерлерін иммунопрофилактиканың қауіпсіздігі, жұқпалы ауруларға қарсы қорғаныс қажеттілігі және қоғамды иммундаумен жеткіліксіз қамтудың салдары  туралы ақпараттандыру шараларына бағытталған.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды