• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Бахмутова: «Самұрық-Қазына» АҚ таза табысы 2015 жылы 30 пайызға көбейді (ФОТО)

Е.Бахмутова: «Самұрық-Қазына» АҚ таза табысы 2015 жылы 30 пайызға көбейді (ФОТО)

25 Сәуір, 2016 13:27
«Самұрық-Қазына» АҚ таза табысы 2015 жылы 304,8 млрд теңгені құрап, 30 пайызға көбейді, деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі, қаржы және операциялар жөніндегі атқарушы директор Елена Бахмұтова баспасөз конференциясы барысында.

«Өткен жылғы табыс көлемі 30 пайызға өсті. Мұнай және газ сегментіне бағамдық ерекшелік әсер етті. Бұл 392 млрд теңгеге тең. Бұл мұнайдың бағасының төмендеуіне әсер етеді», - деді ол.

«Тау-кен өндіріс сегментінде бағамдық айырбас әсер етті. Бағамның өзгеруінен бұрын ҚазАтомӨндіріс жүйесіндегі өзгерістерді жақсартуға болады. Өзге салаға келетін болсақ, ҚазАтомӨндіріспен байланысты құнсыздану жүзеге асты. Энергетика. Бұл салада да құлдырау байқалып жатыр», - деді спикер.

Е.Бахмутова айтып өткендей, өткен жылы компаниялар мен топтар 666 млрд теңге көлемінде салық төлеген болатын.

«Өткен жылы компаниялар мен топтар 666 млрд теңге көлемінде салық төледі», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар