• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Абуов: Барлық мемлекеттің көшбасшылары «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің маңыздылығын атап өтуде

А.Абуов: Барлық мемлекеттің көшбасшылары «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің маңыздылығын атап өтуде

25 Сәуір, 2016 13:21
ҚР Президентінің Вашингтондағы форумда сөйлеген сөзінің маңыздылығы артты. Оны барлық мемлекеттердің көшбасшылары мойындап, бұл құжаттың өте қажеттігін және дәл уақытында айтылғанын атап өтуде, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының мемлекеттің саяси стратегиясы кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Айдар Абуов.

«Мына жаһандану дәуірінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету адамзат үшін өте маңызды. Сондықтан, Вашингтондағы форумда біздің Президенттің сөйлеген сөздері өзекті мәселеге айналды. Оны барлық мемлекеттердің көшбасшылары мойындап, бұл құжаттың өте қажеттігін және дәл уақытында айтылғанын атап өтуде. «Әлем. ХХІ ғасыр» халықаралық форумынан кейін БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдап, алдағы уақытта жүзеге асыру туралы айтылды»,-деді ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында А.Абуов.

Саясаттанушының айтууынша, біздің елдің Президенті бүгінгі таңда әлемнің бүкіл халқына аз ғана уақыттың ішінде жойып жіберетіндей қарудың жиналғанын атап өткен. Мемлекет басшысы бәрінен бұрын ядросыз тіршілік үшін нақты әрі түсінікті бағдарлама жасауды ұсынды.

Еске сала кетейік, 5-ші сәуір күні Нью-Йоркт жыл сайынғы БҰҰ Комиссиясының сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» қарусыздандыру манифесі таныстырылған болатын. 

Барлық жаңалықтар