• Басты
  • Жаңалықтар
  • АШМ: Шығындардың орнын толтыру бойынша субсидиялау екі ірімшік зауытын ашуға мүмкіндік берді

АШМ: Шығындардың орнын толтыру бойынша субсидиялау екі ірімшік зауытын ашуға мүмкіндік берді

25 Сәуір, 2016 13:19
Шығындардың орнын толтыру бойынша субсидиялау екі ірімшік зауытын ашуға мүмкіндік берді, деді «Халық маркасы» қазақстандық тауарлардың сауда-көрмелік павильонына баспасөз туры барысында Ауыл шаруашылығының вице-министрі Гүлмира Исаева.

«Бұл субсидия екі жыл ішінде екі ірімшік зауытын ашуға ынталандырды», - деді Г.Исаева.

Оның айтуынша, субсидияның аталмыш түрі сүт өңдеу кәсіпорындарын дамытуға бағытталған.

«Біз бұл субсидияның әсерін көрдік. Сүт өңдеу өнімдерінің көлемінің өскені байқалды. Біз қаймақ-май экспорты бойынша 35 пайызға тең. 45-50 пайыз ірімшікті экспорттаймыз», - деді вице-министр.

Г. Исаеваның айтуынша, субсидиялардың толық кешені жұмыс істейді.

«Бүгінгі таңда субсидия беру жүйесін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Құжаттардың санын қысқарттық. Бірінші кезекте мал шаруашылығы бойынша құжаттардың құжатын қысқарттық», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар