• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Самұрық-Қазына» АҚ шоғырландырылған кірісі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 3 091 млрд теңгені құрады

«Самұрық-Қазына» АҚ шоғырландырылған кірісі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 3 091 млрд теңгені құрады

25 Сәуір, 2016 13:14
«Самұрық-Қазына» АҚ шоғырландырылған кірісі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 3 091 млрд теңгені құрады. Негізгі әсерін тау сегментіне берді. Бұл туралы Қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі Елена Бахмутова баспасөз-конференциясы барысында айтып өтті.

«Өткен жылдың түсімі алдыңғы жылғыға қарағанда айтарлықтай өсті – 4 пайызға. Сонымен бірге сегмент бойынша түсім өзгерді. Мұнай-газ сегментіне барлығы 34 пайыз келеді. Негізгі өзгерістер, ол түсімде қызметтің нәтижесінен алынды»,-деді Е.Бахмутова.

Оның айтуы бойынша, тау-кен және көліктік сегмент түсімнің өзгеруіне негізгі әсерін тигізді.  

«Тау-кен сегментіне айырбас бағамының өзгеруі әсер етті (шамаммен 34 пайыз), шамамен 14 пайыз – бұл уран бағасының өсуінің оң бағасы. Көлік сегментіне келетін болсақ, бұл жерде негізгні негативті ықпалы 12,4% -ға төмендетілген айналым көлеміне байланысты және жолаушылар айналымы 5,2 % -ға. Ол 46 пайыздық ықпалды берді»,-деді ол. 

Барлық жаңалықтар