Халықаралық интеграция

Сенатор С. Біләлов Бухарестегі Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық семинарға қатысты

Сенатор С. Біләлов Орталық және Шығыс Еуропа елдері парламентеріне арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық семинарға қатысты, деп хабарлады Сенат.
Әлемде25 Сәуір , 12:33

Сенатор Серік Біләлов Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің парламентеріне арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық семинарға қатысты. Парламентаралық Одақпен бірлесе отырып Румыния Парламенті ұйымдастырған шара Бухаресте болды. Семинарға Орталық және Шығыс Еуропа елдері парламенттерінің депутаттары мен аппараттар қызметкерлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинар барысында 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ-да қабылданған және 2016-2030 жылдары іске асыру ұсынылған Орнықты дамудың 17-ші мақсаттарына қол жеткізу, сондай-ақ оны шешуге парламенттерді белсенді түрде қатыстыру мәселелері талқыланды. Сенат депутаты С.Біләлов осы сала бойынша біздің еліміздің тәжірибесімен таныстырды. Сенатор өз сөзінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысы, Парламенттің заң шығару қызметі туралы айтып, семинарға қатысушыларды ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды. Шара аясында С.Біләлов Румыния Сенатының Төрағасы Й.Келару, Румыния Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары К.Йордакемен және Депутаттар палатасындағы Румыния-Қазақстан достық тобының жетекшісі К.Алексемен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Румынияның парламентаралық ынтымақтастығын нығайту, әсіресе, аграрлық саладағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды, жаһандық дінаралық және мәдениетаралық үнқатысуды ілгерілетудегі Қазақстанның күш-жігері жария етілді.

 




Яндекс.Метрика