- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда үш тілге көшу үшін 32 мың ағылшын тілінде сөйлетін оқытушы керек – БҒМ
Қазақстанда үш тілге көшу үшін 32 мың ағылшын тілінде сөйлетін оқытушы керек – БҒМ
«Қазақ тілінде сабақ беру үшін жаңа әдістемелік жанында ешбір қиындық тумауы тиіс. Қазақ тілді оқытушылар жетерлік. Орыс тілді оқытушылармен де мәселе туындамайды. Бізде оқытушылар жетерлік. Балаларға ағылшын тілін оқытуда ешбір мәселе туындамайды деп ойлаймын, өйткені ол екінші тіл ретінде бұрыннан бері оқытылып келе жатыр. Оқыту әдістемелері жыл сайын жетілдіріледі және балалардың осындай көлеммен жұмыс істей алатындығын болжамдатады. Бұл салада Мирас, ҚТЛ тәжірибесі бар және олар бүгінгі күні олимпиаданың жартысынан көбісін алуда және олар сабақты түсіне алмайды деген дұрыс емес. Өйткені физика, химия, оның ішінде биологияны және IT ағылшынша оқыту әдістемесі жоғары тұрғаны соншалық, оларға сабақ беру жеңілге түседі. Жалпы барлық терминдер осы тілде жасалған»,-деді министр.
Министр республикада 365 мың оқытушы бар екендігін айтып өтті. Барлық мектептердің жоғары сыныптарын оқыту үшін ағылшын тілінде сөйлетйтін 32 мың оқытушы керек.
«Егер әрбір он екінші оқытушы өз сабағында ағылшыл тілінде сөйлеу формасына көшетін болса, ондай жағдайда біз жартысын қамтамасыз етеміз. Оған қоса, жыл сайын 13-14 мың түлек шығуда. Қазіргі күні мұғалімдердің біліміне қатаң түрде кірісеміз. Барлық мектептер үшін,сондай-ақ ағылшын тілінде сөйлейтін мектептерге мұғалімдерді дайындау басты тапсырма және осының барлығына ағылшын тілін жетік меңгергендер бар. Менің ойымша, мұғалімдердің саны жеткілікті болады және осымен байланысты үлкен мәселе көріп тұрғаным жоқ. Осыған орай, бүгінгі күні интернет арқылы барлық мектептерді қамтамасыз етіп, сенбі күні және жаз айларында , жалпы бір аптада мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жасаймыз. Бұл бір. Бізде Назарбаев Университеті, ҚТЛ секілді қосымша қорлар еліміздің 18 мың оқушыларына жазғы лагер жасамақшы, Дарын мектебі және шамамен 700-800 оқытушылар ағылшын тіліне көшуге дайын болады. Осы жылы және келесі жылы мектептер ақырындап бұл жүйеге көшеді деп сенеміз және ол жерлерде түрлі мәселеге тап болуымыз мүмкін, егер қандай да бір мәселе туындаған жағдайда оған шешім табамыз және ол жерде барлық тәжірибені қолданамыз. Бұларға қоса бізде Назарбаев интеллектуалды мектебінің айтарлықтай тәжірибесі бар, бізде мирас бар. Жалпы, елімізде қорлар жеткілікті, сол себепті осы ресурстардың барлығын біріктіре келе, бұл тапсырмалар орындалады деген ойдамын»,-деді министр.
Анар Тәңірқұлова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады