• Басты
  • ҰҚШҰ қатысушы елдері әскери қызметшілерінің тапсырмаларды бірлесіп орындау ептілігі тексерілді (ФОТО)
25 Сәуір, 2016 20:27

ҰҚШҰ қатысушы елдері әскери қызметшілерінің тапсырмаларды бірлесіп орындау ептілігі тексерілді (ФОТО)

Тәжікстанда ҰҚШҰ қатысушы елдері Қарулы Күштері барлау бөлімшелерінің «Іздестіру-2016» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
ҰҚШҰ қатысушы елдері әскери қызметшілерінің тапсырмаларды бірлесіп орындау ептілігі тексерілді (ФОТО)

Оқу-жаттығу Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Магоб» оқу-жаттығу орталығының полигонында және Ресей Федерациясы Қарулы Күштері 201-ші әскери базасының «Ляур» полигонында өтті. «Іздестіру-2016» оқу-жаттығуының негізгі мақсаты лаңкестік топтамалардың жандануы ықтимал Орта-Азиялық өңірде әскери қызметшілердің  тапсырмаларды бірлесе орындау қабілеттілігін тексеру болды.

«Аталмыш оқу-жаттығуда қазақстандық топқа содырлардың базаларын қырып-жою, олардың көшбасшысын тұтқындау және әрі қарай  тергеуге алу үшін аумақтан көшіру жүктелді. Оқиға болған жағдайда мемлекеттеріміз бір-біріне қолұшын созуға дайын. Алайда, бұл жағдайдағы ең негізгісі – ол көршілес мемлекеттердің бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл», - деді ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшісі капитан Мәрғұлан Әбдірәсілов. 

«Мұндай оқу-жаттығу алғаш рет өткізіліп отырғанын айта кеткен жөн. ҰҚШҰ-ның қатысушы елдері үшін «Іздестіру» секілді оқу-жаттығудың өткізілуі әскери тарихымыздағы маңызды, үлкен белес. Мұндай оқу-жаттығудың жоспарланып, өткізілуі өте дұрыс қадам болды. Және мұндай оқу-жаттығу әр жыл сайын өткізілмесе де, бір жылдан кейін нақты өткізілуі туралы сәттер сөзге тиек етілді», - деді Беларусь Республикасы ҚК барлау басқармасының офицері полковник Олег Тупик.

 Қазақстандық арнайы мақсаттағы жауынгерлермен заңсыз қарулы құралымдарды іздестіру және жою жөнінде іс-қимылдар пысықталды. Әзірлеме бойынша десант содырлардың лагері мен штабтың ғимараты орналасқан жерге түсірілді, қарақшылардың басшысы ұсталды. Одан басқа, барлау бөлімшелері тауға шегінген  жекеленген топтар бойынша атыс соққысына арналған координаталарды белгіледі. Оқу-жаттығуға ҚР ҚК-нің 30-дан аса әскери қызметшісі қатысты. Барлығы ҰҚШҰ қатысушы елдері Қарулы Күштерінің 1 500-ге жуық әскери қызметшісі. Сондай-ақ армиялық, жедел-тактикалық және әскери-көліктік авиация бөлімшелері қатысты.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды