- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Сағадиев: Қазақстанда колледж түлектері қайтадан ҰБТ тапсыра алады
Е.Сағадиев: Қазақстанда колледж түлектері қайтадан ҰБТ тапсыра алады
«Биыл ҰБТ-ті 2 рет тапсыруға болады. Еш бір мемлекетте бұндай әлеуметтік құны жоғары емтихан жоқ. ҰБТ екінші рет тапсыру биыл әлеуметтік күйзелісті болдырмауға мүмікнідік береді. Бұл бір. Екінші – сіздер үшін тың жаңалық – колледж түлектері қайтадан ҰБТ тапсыра алатын болады. Қазір олар шілде мен тамызда тапсырса, енді біз тағы бір рет келесі 2017-ші жылдың қаңтар айында тапсыруларына мүмкіндік береміз»,- деді ол «2016-2019 жылдары білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы» тақырыбында ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, министрдің түсіндіруінше, колледж түлегі жоғары оқу орынына шартты түрде тіркелуіне құқы бар.
«Ондай ережені біз дайындап жатырмыз. Жоғары оқу орындарында қаңтар айындағы кешенді тестілеуге дайындық жасалады. Егер ол сондай кешенді тестілеуден өтетін болса, бірден бірінші курстың орта кезеңіне дәл түсетін болады. Бұл әділетті деп есептейміз», деп нақтылады сөзін ведомство басшысы.
Сонымен қатар, Е.Сағадиев келесі жылы ҰБТ екіге бөлінетінін хабарлады.
«Мектеп бітіру емтханы сол мектепте өтетін болады, ал ҰБТ SIT жүйесіне ауысады. Яғни, интеграциялық тест болады. Бұл әділетті болады, өйткені, жоғары оқу орындарына мектеп бітірушінің деңгейі мен әлеуетін анықтау керек болады. Ол жоғары оқу орынының бағдарламасын игере ала ма, әлде шамасы жетпей ме соны білу керек. Ал, SIT – соны жасайтын жүйе. Сондықтан қызір жоғары оқу орынына түсуге ұмтылғандарды өткізетін ҰБТ жаңа бағдарламасын құрып жатырмыз. Бұл бағдарлама бойынша олимпиада жеңімпаздары, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері – барлығы бұл емтиханды тапсыратын болады. Бірінші рет тапсыру тегін болады. Одан кейін бірнеше рет қайта тапсыруға болады. Біз ақырында осылайша өркениетті ОЭСР сатндартына жетеміз. Біз бұл жүйелерді келесі жылдан бастап енгіземіз»,- деп ақпараттандырды ҚР БҒМ басшысы.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті