• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырау облысында су тарту жүйесіне испан технологиясын қолдану жоспарланып отыр

Атырау облысында су тарту жүйесіне испан технологиясын қолдану жоспарланып отыр

25 Сәуір, 2016 11:49
Атырау облысында су тарту жүйесіне испан технологиясын қолдану жоспарланып отыр. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев Астанадаға қазақстандық-испандық бизнес форум аясында журналистерге хабарлады.

«Бүгін форум аясында испандық «Eurofinsa» компаниясымен Атырау қаласының инфроқұрылымын дамыту туралы меморандумға қол қойылды. Аталмыш инфроқұрылым су тазалау, кәріз құбырлары мен алдағы уақытта оны техникалық мақсатта пайдалану жобаларына қатысты»,-деді Ғ.Дүйсембаев.

Әкім орынбасарының айтуынша, келісім тазалау жүйесін халықаралық стандартқа жеткізу үшін батыс технологиясын кәріз құбыры жүйесіне пайдаланылмақ.

«Жүйе құны әлі белгіленген жоқ, әзірге технологияның біздің жағдайға ыңғайлылығы талқылануда. Алдағы аптада серіктестермен кездесу жоспарлануда, сол кезде жан-жақты ьалқыланатын болады»,-деді Ғ.Дүйсембаев.

Сонымен қатар әкім орынбасары бұрын аймақтың испан компанияларымен ынтымақтастықта болмағанын атап өтті. Атырау облысы инвестиция тарту мен кәсіпорындар құру жағынан көшьасшы аймақтардың бірі болып есептеледі.

«Бүгін облыста 900-ге жуық компания жұмыс істейді. Олардың 600-і шетелдік үлестің қатыстырылуымен атқарылуда. Облыстың кәріз жүйесі өте нашар жағдайда. Бұл мәселе кеңес кезінен бері созылып келеді»,- деді ол.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар