• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Сағадиев: 2016 жылдың қыркүйегінен бастап барлық мектептер қызметтік сауаттылыққа негізделген білім беруге көшеді

Е.Сағадиев: 2016 жылдың қыркүйегінен бастап барлық мектептер қызметтік сауаттылыққа негізделген білім беруге көшеді

25 Сәуір, 2016 11:43
2016 жылдың қыркүйегінен бастап барлық мектептер қызметтік сауаттылыққа негізделген білім беруге көшеді, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

«1980 жылдардың ортасында дамыған елдер білім моделінен қызметтік сауаттылық бойынша білім беруге көшкен болатын.  Олар бұл жүйеге 1990 жылдардың ортасында көше бастады. 1997 жылы ЭЫДҰ елдер арасында 8 сынып оқушыларының білім деңгейін тексеруді келісті 200 жылы PISA тесті болды. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан мектептері  қызметтік сауаттылыққа көшуге негізделген», - деді Е.Сағадиев.

Ведомство басшысының айтуынша, жаңа жүйег көшу үшін 4 жыл уақыт бар.

«Келер жылы 2,5,7 сыныптар өтсе, әрі қарай жалғаса түседі. Біз 4 жыл ішінде мектептердегі мазмұнды өзгертеміз. Бірыңғай оқулық барлық пән үшін бірдей деңгейде енгізіледі. Ол барлық облыстарда, аудандарда оқушылар бірдей кітап арқылы білім алуға көшіртеді», - деді ол.

Айта кетейік, Халықаралық білім беру бойынша жетістіктер бағдарламасы (Programme for International Student Assessment, PISA) – әр елдерде оқушының білім деңгейін тексеретін тест. Ол жылына үш рет өткізіледі. Тестке 15 жастағы жасөспірімдер қатысады. 1997 жылы әзірленіп, 2000 жылы алғаш рет өткізілді.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар