• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР БҒМ еліміздің орта мектептеріне жан басына қаржыландыруды енгізуді жоспарлауда

ҚР БҒМ еліміздің орта мектептеріне жан басына қаржыландыруды енгізуді жоспарлауда

25 Сәуір, 2016 11:38
Қазақстандық мектептерде жан басына қаржыландыруды енгізген кезде, әкімшілік шығынның азаюы және мұғалімдердің жалақысының көбеюі күтілуде, деп ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ОКҚ-да мәлім етті.

«Біз ЖОО принціптері бойынша мектептерге жан басына қаржыландыруды енгізуді жоспарлаудамыз. Қазір бұл идея жасалуда және оны толық пысықтаймыз, яғни мектеп директорларымен, аудан, қаржы министрілігімен сөйлесеміз және олар дайын болған кезде оны таныстырамыз»,-деді БҒМ басшысы.

Министрдің түсіндіруінше, жан басына қаржыландыру кезінде мектептегі оқытушы басты болады, өйткені оқушылар мен мектеп жақсы оқытушыны қалайтын болады, соған орай оқыту орталығы қаншалықты көп оқушыларды алатын болса, оның қаражаты да көп болады.

«Бұл үлкен экономикалық және әлеуметтік эффект болып табылады. Мектептерді қамтамасыз ететін  әкімшілік бюджет күрт қысқарады. Егер ол жалақы қорынан 24 пайыз болса, қазір 7 пайыз. Бұл мұғалімдер жалақысын көтеру үшін қосымша демеу болып табылады»,-деді ол.

Министрдің айтуы бойынша, мектептің басшысы пайда болады, яғни әкімшілік мектептер қалай жөндеу жұмыстарын жасау керектігін, қандай жалақы қою керектігін өздері шешетін болады. Мектеп бүгалтериясы ашық болады.

Сонымен қатар, жан басына қаржыландыруды тек ірі қалаларға енгізу керектігін айтты, ал ауылдық меткептерге бұл идея жасалмайды. 

Барлық жаңалықтар