- Басты
- Жаңалықтар
- Токиода АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіковтың көрмесі өтті
Токиода АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіковтың көрмесі өтті
«Көрменің ашылу рәсіміне Парламент депутаттары және басты мемлекеттік органдардың, ірі компаниялар мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ антиядролық қозғалыс саласындағы әйгілі ұйымдардың басшылары қатысты. Сонымен қатар Жапония премьер-министрінің жұбайы Акиэ Абэ рәсімнің құрметті қонағы болды», - делінген ақпаратта.
Шараны ашқан Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ақылбек Камалдинов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабуға қатысты тарихи шешімінің маңыздылығын атап, жоғары деңгейдегі қонақтарға Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті күшейтуге қосып келе жатқан үлесі жайында, сонымен қатар Елбасының жаңа халықаралық бастамасы болып табылатын АТОМ жобасы жайында айтып берді.
Жапония Парламенті кеңесшілер палатасының депутаты Кадзуюки Хамада өз сөзінде Қазақстан Президентінің ядролық қарусыз әлем қалыптастыруға және Орталық Азия мемлекеттерінің ядролық қарудан азат аймақ құруға бағытталған күш-жігерін атап өтті.
«Суретші – соғыс бастайтын адам емес: өнер қауіпсіз әлем құруға көмектесе алады» деді шарада сөз сөйлеген жапондық «Суретсіз сурет кітабы» жобасының жетекшісі, суретші және дизайнер Хироми Инаёши.
Құрметті қонақтармен болған әңгіме арасында К.Күйіков Жапония премьер-министрінің жұбайын Қазақстанның ядролық қарусыздану ісіне қосып отырған үлесімен танысу және екі ел арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту мақсатымен ҚР-ға шақырды.
«Кәріпбек Күйіковтің суреттері адамдарды ядролық қарусыз әлемге бағытталған күреске жігерлендіреді. Осы өнер өз мақсатына жетіп, әлем ядролық қарудан азат болса тамаша болар еді» деп атаған А.Абэ шара соңында «Фейсбукетегі» жеке бетінде «Өнердің күші әлемді өзгертеді» деді.
Өз кезегінде ҚР СІМ-інің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Роман Василенко АТОМ жобасының осы күні әлемнің 100 елінде қолдау тауып отырғанын және жобаның онлайн-петицисына қол қоюшылардың саны күннен-күнге өсіп отырғанын атады.
АТОМ жобасын Жапонияда таныстыру шарасы белгілі «Earth Identity Project» атты Үкіметтік емес ұйымының «Суретсіз сурет кітабы» деген өнер саласындағы жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Апта барысында Хиросима және Нагасаки қалаларында да шаралар өткізілетін болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
«Ашық» жобасының iске асырылуы -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті