• Басты
  • Жаңалықтар
  • 10 жыл ішінде Испаниядан Қазақстанға тікелей инвестиция ағыны 183 млн АҚШ долларын құрады

10 жыл ішінде Испаниядан Қазақстанға тікелей инвестиция ағыны 183 млн АҚШ долларын құрады

25 Сәуір, 2016 11:26
2005-2015 жылдар ішінде Испаниядан Қазақстанға тікелей инвестиция ағыны шамамен 183 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төраға орынбасары Нұржан Әлтаев Астанада өтіп жатқан испан-қазақ бизнес-форумында мәлім етті.

«2005-2015 жылдар ішінде Испаниядан Қазақстанға тікелей инвестиция ағыны шамамен 183 млн АҚШ долларын құрады, ал ҚР-дан Испанияға шамамен 15 млн долларын құрады»,-деді ол.

Н.Әлтаевтың айтып өткеніндей, Қазақстан халықаралық-экономикалық интеграция процестерінде белсенді қатысуда.

«Өткен жылы біз ДСҰ-ға кіруі үдерісін аяқтадық және оның толық мүшесі болып табыламыз. РФ мен Беларусь Республикасымен бірге 2015 жылы ЕАЭО құрдық және оған шамалы уақыттардан кейін Армения мен Қырғызстан қосылды және осы одаққа басқа да мемлекеттер қосылуға мүдделі және ЕО еркін сауда аймағын жасасты. Біздің жағымыз инвесторларды тарту үшін бірталай жұмыс атқаруда»,-деді ол.

Осылайша, «Жібек жолы» ынтымақтастық бағдарламасы аясында қытайлық серіктестермен үлкен жобалар іске асырылуда. Бұрындары, Н.Әлтаевтың айтып өткеніндей, шетелдік серіктестер металлургияның мұнай-газ секторы қызықтырды, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдері де оның қатарына кіреді. Бүгінгі таңда «Форбс-2000» тізімінің ірі инвесторлары оңдеуші өнеркәсіп саласында бизнестерін бастады.

Естерінізге сала кетейік, Астанада Қазақстанға Испания  Королдігінің сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Гарсия-Маргальоның ресми сапары аясында испандық және қазақстандық кәсіпкерлердің қатысуымен қазақ-испан бизнес-форумы өтуде.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар