Білім беру

Алдағы 3 жылда мектептердің 90%-ын кең жолақты интернетпен қамту жоспарлануда (ФОТО)

Қазақстандағы мектептердің 90%-ы алдағы 3-4 жылда кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ОҚК-де өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 25 Сәуір, 11:08

«Мектептердің 90%-ын 3-4 жылдың ішінде кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Жоғары жылдамдықтағы интернет – білім берудегі маңызды бағыттардың бірі. Оқыту жүйесінде мұндай ауқымда және сапада ешқашан білім берілмеген. Соңғы 5 жылда әлемде үлкен өзгерістер болып жатыр» - деді министр.

Министр атап өткендей, жоғары жылдамдықты интернет білім берудің негізіне айналады.

«Біріншіден, бұл бізге жаңа білім мен әдістерді енгізуге мүмкіндік береді. Бұл ел бойынша қоғамдық түрде енгізуімізге өте қолайлы. Екіншіден, барлық оқу үрдісін жаңғыртуды бірден дамыту қажет. Бүгінгі таңда бұл өте қажет. Үшіншіден, біз мектеп оқушыларына халықаралық білім беру кеңістігіне жылдам кірігуге мүмкіндік ұсынып отырмыз. Төртіншіден, қашықтықтан білім алу мен электрондық контентті әзірлеуді  болдық. Бесіншіден, тотальді әкімшілік және қаржы бақылауына көшуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика