Молдова қазақстандық темір жол өніміне қызығушылық танытып отыр – ҚТЖ

25 Сәуір, 2016 17:39
Логистика, транспорт, темір жол машина құрылысы саласындағы екіжақты мәселелерді «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Асқар Мәмин мен «Молдованың темір жолы» МК бас директоры Юрий Топал талқылады.

Басты назар қазақстандық кәсіпорындардың Молдованың темір жолын жаңғыртуға  қатысуына түсті, заманауи локомотивтерді жеткізу, жүк және жолаушылар вагоны, ұзан рельстер мен вагон құймасы сынды мәселелер талқыланды, деп хабарлады ҚТЖ.

Молдовалық тарап темір жол өнімдерін алуды қазақстандық тарап арқылы жүзеге асыруды қарастырып отыр.

«Астанаға сапар барысында Молдова темір жолының жетекшісі «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ мен «Тұлпар Тальго» АҚ барды.  Шығарылатын өнім түрлерін  көріп, зауыттарды дамыту әлеуетімен танысты», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, молдовалық тарап «ҚТЖ» АҚ  - «Көліктегі технология орталығын» көрді.

 

Барлық жаңалықтар