• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Испания екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Қазақстан мен Испания екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

25 Сәуір, 2016 10:57
Қазақстан-Испан бизнес-форумының толық бөлімінде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Испанияның Сауда палатасы арасында қазақ-испан Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды, сонымен қатар «Caspian Solution» және «Eurofinsa» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

ҚР Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Руслан Сұлтанов Қазастандағы испан инвестициясының маңызды рөлін атап өтті, көбінесе шикізат секторында.

«Осындай үлкен көлемді форумда қуатты халықаралық концерндердің қатысып жатқандығы қуантады, мысалы Airbus, Talgo. Біз үшін, осындай брендтермен ынтымақтасу инвестициялардың ағыны ғана емес, сонымен қатар технологиялардың трансфері және ол өндірісті үздік жетілдіруге ынталандырады»,-деді ол.

Сонымен қатар, В2В форматында екіжақты сессияны өткізу жоспарланған, ол жерде Қазақстан мен Испания кәсіпкерлері өз жобаларын таныстырады және ынтымақтастық перспективалары туралы мәселелерді кең ауқыммен талқылайды, сонымен бірге алдағы уақытттағы сауда-экономикалық серіктестікті дамытуды жоспарлауда.

Естерінізге сала кетейік, Астанада Қазақстанға Испания  Королдігінің сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Гарсия-Маргальоның ресми сапары аясында испандық және қазақстандық кәсіпкерлердің қатысуымен қазақ-испан бизнес-форумы өтуде.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар